"
«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық" атты оқулығын қазақша аудару барысында туындаған мәселе.

Орыс тіліндегі мәтін:

"Необходимость выделения в системе (составе) собственности публичного имущества (публичной собственности) обусловлена рядом обстоятельств:
...

во-вторых, развитием Толығырақ ... основ социального государства, предполагающих деятельность публичных служб и оказание публичных услуг на базе объектов публичной собственности;

..."



Қазіргі заңнамады сөздерді қолданған кездегі аударма мәтіні:



"Меншік жүйесіндегі (құрамындағы) жария мүлікті (жария меншікті) бөлек көрсету қажеттілігі келесі жағдайларға байланысты туындайды:

...

екіншіден, жария меншік объектілері базасында жария көрсетілетін қызметтерді және жария қызметтер қызметін көздейтін әлеуметтік мемлекет негіздерін дамыту;"



Екінші абзацта қазіргі заңнамадағы қолданысқа негізделсек:

деятельность-қызмет, служба-қызмет, услуга - көрсетілетін қызмет.



Өте маңызды үш құқықтық категория бір сөзбен аталады.

Заң факультетінде студенттер түсінбей шатастырады. Заң мәтіні халыққа түсініксіз.

Әрқайсысына бөлек сөз керек.



Сондықтан ұсыныс:



Служба - қызметшілік (себебі заң бойынша госслужащий - қызметші)

Услуга - сервис



Сонда аударма былай болады:



екіншіден, жария меншік объектілері базасында жария сервистерді және жария қызметшіліктер қызметін көздейтін әлеуметтік мемлекет негіздерін дамыту;»



Деятельность - қызмет қала береді.

Деятельность, Служба, услуга

қызмет, қызмет, көрсетілетін қызмет0 %қызмет, қызметшілік, сервис0 %басқа сөздер іздеу керек.100 %2 дауыс
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Сәрсенбай Қуантайұлы Құлманов
  • Дұрыс мәселе көтеріп отырсыз: деятельность - қызмет, служба - қызмет, услуга - көрсетілетін қызмет болып аударылып жүр. Бұл сөздер бір мәнмәтінде кездессе, түсінуге қиындық туғызады. Алайда терминдердің синонимділігі - Толығырақ ...тілде кездесетін құбылыс. Алайда "услуга" сөзінің баламасы ретінде "сервис" сөзін алғанда не ұтамыз? "Қызметшілік" деген де тым жасанды сөз.

  • Ойыңызбен келісеміз. Заң мәтінінің халыққа түсінікті болуы үшін көлемді мәтінді жеңілдетіп, ықшам түрде ұсыну жағын қарау қажет.

  • "сервисная службаны" не қыламыз?

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.