"
АРЗАН АБЫРОЙ ЛАЙК ЖЫЙНАЙДЫ,

АРДА АБЫРОЙ ЛАЙЫҚТЫ СЫЙЛАЙДЫ

Мұқа, ассалаумағалейкум!

Мен бұл мақаланы 5 жыл бойы зерттеп жазғанмын. Мазақ етуге емес. Сізге атүсті пост жазып лайк жинауға арналған тақырып емес, бұл - қазақтың Толығырақ ...қасқалығының ескерткіші, содан құтылуды қолға алғандағы түрім. Және ол - постың тақырыбы емес, сіздей профессорлардың рецензия мен талдау мақаласына тамызық болатын нәрсе. Жақсы мен жаманды қыл суырғандай айырып, бұқараға бере алатындарға арналған еді. Оның үстіне Сіз медицина профессоры болғанмен, терминология саласында көп еңбек еттіңіз. Сіздей аға буын батасыраған біздерге бата беріп, жол сілтеуге тиіс еді.

Енді талдауға көшейік. Бірақ ол үшін мақаланың бәрін келтіруге тура келеді. Оған бармаймын. Сіз қасақана мақаланы тәрк етіп, өз пайдаңызға лайк жинауға ғана пікір жазып отырсыз. Негізі бұл қарсы пікір айтуға да тұрмайтын нәрсе. Бірақ сіздей аға ұрпақтың кәрі атандай ойнақ салуы жақсылық емес.

Бешбармактың алғашқы нұсқасы - АС. ОЛ құрбандық малын жіліктіп асып жеуден шығады. БҰл АС БЕРУ сөз тіркесін туындатты. Демек, қазақта обаста бұның аты - АС, «асқан ет" емес. Ата-бабамыз жұп-жұмыр сөзбен сөзжасам қабылетін осылай жасап кетті. Енді сол жібекті түте алмай жүн қылып отырмыз. Сіз айтқан "асқан ет" деп атаса, қай қазақтың ауызын кім жапты? Өйткені, ол күлкілі қисынсыз нәрсе: балаға - АДАМНЫҢБАЛАСЫ деген есім берумен тең нәрсе.

Екіншіден, бешбармакта АСА етістігі арқылы тағамның ерекше желінетін сипаты бар. Осы тағамды ғана алақанға салып, бас бармақпен итеріп асап жейміз. Оған сіздің бір жанкүйеріңіз "орыстың хавач" дегенін қазақшалаған ғой" деп есіреді. Сіз де, ол да орысша өлшеммен қарап отырсыздар.

Терминде "благозвучный" деген критерий жоқ, ағасы! Жұртты шатастырмаңыз! Бірақ постта жұртты еліктіріп, лайк жинап марқаюға әбден болады. Ендеше "неблагозвучный» ІРІМШІК атауын аластаймыз ба? Ол оңып тұрған сөзден құралмаған ғой: ІРУ. Ал АСАМЫҚқа негіз болған сөзжасам үлгісі БЫЛАМЫҚты ше? Быламық тісі жоқ бала мен қарияға арнайы пісірілетін тағам, оны сіздің пікіріңізбен сынауға арнаған қазақ жоқ.
Толық нұсқа мына сілтемемен оқылады:
https://www.facebook.com/groups/TILMAIDAN/permalink/3210076062391244/
Мольдир Сарбалиева, Лаура Даумаляева, Улбосын Шайхслам және 1
  • Лаура Даумаляева 3 жыл бұрын

    Менің ойымша бұл тағамның негізгі атауы "ет асу" немесе "ет"

  • Лаура Даумаляева 3 жыл бұрын

    Ал "

  • Лаура Даумаляева 3 жыл бұрын

    Бесбармақ, бешбармақ сынды атаулар басқа тілден енген.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.