"
Plug-and-Play технологиясын «Енгізу-қолдану технологиясы» деп аударған жөн. Технологияның анықтамасына сәйкес, бұл компьютерге енгізген сәттен бастап ешбір қосымша бағдарлама орнатпай, дереу қолдана беруге болатын сыртқы құрылғылар. Мысалы, тінтуір, пернетақта, флешкі.
  • «Дереу орнату» технологиясы деп қабылдауға да болады.

    Информатика терминдерінің түсіндірмелік сөздігінде (Оқу-əдістемелік құралы, Б. Бөрібаев, Ə. Шормақова) «Орналастыр да жұмыс істей бер (Вставляй и работай; plug and play)» деп берілген Толығырақ ...екен. Алайда термин ретінде қалыптасуы екіталай, тым ұзын атау.
    Орналастыр да жұмыс істей бер (Вставляй и работай; plug and play) – Іntel, Mіcrocoft жəне Compaq фирмалары ұсынған компьютер конфигурациясын автоматты түрде анықтайтын ашық стандарт атауы. Стандарттың негізгі мақсаты қосымша құрылғыларды (модульдерді) компьютерге жалғай салып, ток көзіне қосылысымен конфигурация ісінің күрделілігіне қарамастан жұмыс істей беретін ықшам компьютерлік жүйе құру болып табылады. Бұл стандарттың кейбір мүмкіндіктері Wіndows операциялық жүйесіне енгізілген.
    Сондықтан жоғарыда атап өткендей, тікелей аудармасына қарамай, мән-мағынасына сай қазақша атауын қарастырған жөн.

  • Maqsat Mälik 2 апта бұрын

    Күшті ұсыныс, Ерболат мырза.

  • Maqsat Mälik 2 апта бұрын

    Бірақ "дереу орнату" "быстрая установка" деген функциямен шатасуы мүмкін екен.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.