Қазақстан Республикасының Конституциясынан

7 -бап

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі.
  2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
  3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауға қамқорлық жасайды.

19 –бап

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым –қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

93-бап

Конституцияның 7 бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арнаулы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеру үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті.