О принципах терминологии

Байтурсын (аплодисменты) Доклад мой будет о том, как мы, казакские научные и литературные работники, строим терминологию для литературы народа, и во вторых, какого принципа мы придерживаемся в выроботке терминологии. Основные мысли мои по выроботке терминологии мною высказаны в тезисах, с которыми, полагаю, все делегаты,Съезда знакомы. Настоящий мой доклад к ним ничего нового в основе не прибавит, Он будет носить скорее характер разъясняющий, конкретизирующий основные мысли, нежели их дополняющий. Изложенные в тезисах положения настолько очевидны, что едва ли они могут вызвать недоумение. Разве только сжатость изложения может внести некоторую неясность для правильного понимания высказанной мною мысли, поэтому я своем докладе, базируясь на высказанной мною в тезисах основных мыслях, намерен развивать последние в пределах необходимой конкретизации.


Пән сөздері қалай табылады?

Қазақ тілінде кітап көбейген сайын, пән сөздері де молайып келеді. Барлық пәнге керекті сөздерді ойлап тауып, жеткіземіз деп білім кеңестері әуре болып жатыр. Тәуір, ұғымсыз қолайсыз сөздер де көп, қолданып жүрген сөздер де көп. Сонымен жұрттың бірсыпырасы пән сөздеріне жарымай жүр. Бұл әңгіме былтыр білімпаздар кенесінде де сөз болып еді. Әлде болса сөз болу керек көрінеді. Сондықтан пән сөздерін қалай табу туралы пікір ұсынып ойшылардың алдына салмақпыз.


Қазақша пән сөздер

Елдің мәдениетін өркендету үшін қолдан келетұн шаралардың ең маңыздысы басба сөз. Басба сөз ісі берекелі боу үшін, басба сөздің елге, жалпы бұқараға пайдасы тиетін болу үшін, оны бұқара түсініп оқи алатұн болу шарт, - ол болмаса, жазылып шыққан кітеб, газет, жұрналдардың сөзіне ел түсінбейтұн болса: Басба сөзден түк пайда болмайды. Қазақша кітеб, жорнал, газеттерді қазақ түсініп оқи алатұн болуы үшін: оның тілі қазақша болуы керек,- әуелі, сөздері қазақша болуы керек, екінші, қазақша сөздер қазақша тізіліб жазалуы керек.


Қотыр сөздер

Білімпаздар тобы: «Жат сөздерді қазақ тілінің құрылысына, «Үндестік заңына» үйлестіріп алу керек» деді, бірақ мұны жүзеге асырушылар некен- саяқ. Мұны жүзеге асыратын алдымен жазушылар, оқытушылар болу керек еді. Қазір журнал басқармалары, теріс құрылған сөздерді мұқырлап жібермеуі керек еді, бірақ баспа жүзінде әркім өз бетімен сай үрлеп жүр. Газеттің бір ғана номерінде кездескен сөздерді алдарыңызға тартацын. «Тіресті», «Италиеге», «десетина», «күрстар», «скандинеу», «гүбірналық», «уәде», «бүджет» деп жазылған. «Қант», жент, ант, бәнт деген (« жент» -тің қазақ сөзі екеніне күмәндімін, қалғаны парсыдан шыққан) сөздерден басқа да қазақ тілінде екі дауыссыз дыбыс бір буында келмейді. Сондықтан «тіресі» деп жазу керек еді. «Тіресті» деп жазып жүрген азамат жатыс жалғауымен айтқанда «тірестта» десе, өрескел екендігі көрінбей ме?


Қазақ –қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы

Тілімізге жат сөздер екі жақтан кіріп жатыр. Бірі – араб, парсы сөздері, ордаға оқығандар арқылы. Араб-парсы сөздері біздің тілімзге дінмен бірге кіре бастады. Молдалар қаншама дін сөздерін дұрыс айтқанымыз деп, (тіл бұраса) де ел болмады. Жат сөздерді өзінше айтып, тілдің заңына ылайықтап қолданатын болады. Дін тілімізді бұза аламады. Бұған себеп көшпелі салтымыз һәм елге тым кәдірді болған орасан бай ауыз әдебиетіміз. Көшпелі елге жазу-сызу оңайлықпен таралмады. Жазба әдебиет жоқтық бізді сақтады. Жазба сөз қазақ арасында он тоғызыншы әсірдің екінші бөлімінде пайда болды десе болады. Онан бұрынғы есепке алынбайды. Жазба сөз бір жағынан Қазаннан, бір жағынан Бұхардан келді. Араб-парсы сөздерінің көбі осы көршілер арқылы келді.


Ауропа сөздері

Ауропа сөздеріне келгенде де жоғары да көрсетілген өзгеру заңдарын пайдалану керек. Жалпы құрылысына қарағанда араб – парыс сөздеріне пішкен заңдарымыз ауропа сөздеріне де жарайды, десек үлкен жаңылыс болмайды. Ауропа сөздеріне алғанда, қазақ тілінің ыңғайына қарай заң қою керек қой! Жат сөздің қайдан, қайсы елден , қайсы тілден келген болса да, мәселенің ең қиын жері де қазақ тілінің қисынын табу. Жат сөздердің тексерілуі қазақ тілінің қисынын табуға жәрдем береді. Жат сөздер бұл іске үлкен пайда беретүн материел. Бұл себептен біз мұнда жат сөздер мәселесіне үлкен мән беріп қарастырдық.


Термин сөздердің спецификасы жөнінде

Термин мәселесендегі үлкен кемшіліктеріміздің бірі – мына тіпті термин емес сөздер де термин қатарына қосақталып, белгілі бір мағынаны білдіретін стандарт сөздер боп қатып қалған. Сүйтіп, қазақ сөздері мешеулікке айналған, тілеген бір ұғымды еркін айтып берерлік басы бос сөздер санаулы боп қалған, термин ғып алынған сөздер көбінесе-ақ адам түсінбейтін боп шыққан. Мынау қазақ сөздерінің денесіне жабысқан бір дерт қой. Енді сол дертті қазақ сөздерінің денесінен сылып тастап, термин принциптерін дұрыс шешеу үшін: термин деген не, белгілі бір ұғымға арналып, басқасына бұрылмайтын стандарт термин болуға лайық қандай сөздер: алдымен осыны шешіп алу керек.


Терминнің үш тұғыры

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...» (Абай) дегендей, термин де көптің көңілінде жүретін, көзі ашық, көкірегі ояу азаматты бейжай қалдырмайтын ортақ, мүдделі мәселе. Тіпті, термин туралы сөз бола қалса, қолына қалам ұстаған зиялы қауымның арқасы қозып кететін қызуқандылығы да бар. Бірақ, ол үшін оларды айыптаудан аулақпыз. Өйткені бұл қазақ табиғатына тән қасиет: айтар сөзін айтып қалмаса, «әкесі өледі» дейтін халықпыз ғой.


Терминдену принципі хақында

Қазақ әдеби тілі әр алуан лексикалық арналардан құралатынын лингвист-ғалымдарымыздың көбі мойындайды. Бірақ оны қазбалап зерттеп, қадағалап қарастырып, әрқайсысына тән өзгеше сипатын тануда істелетін жұмыс әлі де баршылық. Сол тарамдана толысып, сөз байлығын молайтып жатқан салалардың мүмкіншілігі мен ауқымын анықтап алмай тұрып, әдеби тіл жайында әңгіме қозғау қиын. Неге десеңіз, қоғам өміріндегі әлеуметтік өзгерістер әсерінен, белгілі дәрежеде, тілде де әрқилы құбылыстар болып жататынын біздің қоғамдық өмір дәлелдеп отыр.


Ұлттық терминқор қалыптастырудың алаш кезеңі және қазіргі қазақ терминологиясы

Қазіргі қолданысымыздағы қазақ терминологиясы, ғылым тілі бір күнде қалыптаса қалған жоқ. Ол өзінің қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Ел өмірінде болған елеулі өзгерістерге байланысты 90-жылдары қазақ терминологиясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңнің басталғанына да жиырма жылдай уақыт болды. Қазіргі кезеңдегі терминология дамуының бағыт-бағдарының дұрыс-бұрысын ғылыми тұрғыдан зерделеп, жүргізіліп жатқан терминологиялық жұмыстарға сараптама жасайтындай мерзім өткендігі айқын сезіліп отыр.


Ұлттық тілдегі терминдік жүйе мәселесі

Қазіргі тәуелсіздік кезеңі мен жаһандану дәуіріндегі өзекті мәселенің бірі – қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік және ұлтты бірегейлендіру қызметін күшейту. Соның барысындағы оның негізгі сипаты тілдің рухани-әлеуметтік жаңғыртуларға сай жаңа деңгейге көтеріліп, қалыптасушы ұлттық таным мен ой-өрістің мәнін мемлекеттік мүддеге ұластырып, қоғамның түрлі саласында кәсіби тілдік тұлғаның қызмет ету дәрежесін көтеруі және бағдарлауымен тығыз байланысты.


Арнаулы терминологиялар қалыптастырудағы терминологиялық аталымның кезеңдік сипаты

Қазіргі таңда терминдік бірлік ретінде аталып жүрген сөздер мен сөз тіркестері қоғам дамуының заңдылықтарына сәйкес туындаған лексика болып табылады. Тілдің терминдік лексика қабатының дамуында өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл сөздік құрамға жататын терминдік бірліктердің бәрі саналы әрекет нәтижесі деп айтуға болады.


Ұлттық салалық терминдерді қалыптастыру мәселесі

Терминологиялық лексика қоғамның рухани, мәдени, саяси өмірінде туындап жатқан өзгерістерге байланысты дамып, байып отыратындығымен ерекшеленетіндігі белгілі жайт. Осындай өзгерістерге сәйкес қандай да бір арнаулы саладағы терминдер терминологиялық өріспен шектелмей, жалпы қолданысқа түсуі мүмкін. Мәселен, нарықтық қатынастарға көшкеннен бері акция, аукцион, бизнес, инвестиция, инфляция, маркетинг, менеджер, аудит және т.б. тәрізді көптеген экономикалық терминдерді атап өтуге болады [1,52]. А.Байтұрсынұлының терминжасамға қатысты құнды еңбектерінен бастау алатын қазақ терминологиясының ғылыми-практикалық мәселелері әлі күнге дейін қарқынды зерттеліп келе жатыр.


Қазіргі қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің жасалу жолдары

Мақалада қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің қалыптасу тарихы мен даму жолдары қарастырылған. Қазіргі филология терминдерінің құрамында кездесетін А.Байтұрсынұлы жасаған тіл білімі және әдебиеттану терминдері талданады. Қазақ тіліндегі филология терминдерінің берілу жолдары мен жасалу тәсілдері нақты мысалдар негізінде көрсетілген. Филологиялық терминдерге тіл білімі, немесе лингвистика және әдебиеттану ғылымдарының терминдері жатады. Тіл білімі терминдері, лингвистикалықтерминология – тіл білімі саласындағы арнайы ұғымдар мен өзіне ғана тән объектілерді білдіру үшін жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтық атауы.


Канцер, обыр, карцинома, мұның қайсысы рак?

Адамзат жер бетіне келгелі халықаралық дәнекердің бірі аударма тәрізді. Бір елден екінші елге ой-сана ауысуға да осы аударма себепкер болады. Аударма – біздің ұлттық мәдениетіміздің үлкен арнасы, тіл тазалығы мен әдеби тіліміздің дамуына себепші болып келе жатқан қозғаушы күш. Зиялы қауым өкілдері сонау Абай заманында-ақ аударманың атқарар қызметін жақсы пайымдаған. Пушкин, Лерментов, Крыловтар ХІХ ғасырдың өзінде-ақ сахара көшпенділерімен бауыр басып кеткен. Қазіргі қазақ оқырманы тек орыс әдебиетінің ғана емес, бүкіл әлем әдебиетінің ең озық үлгілерін өз тілінде оқиды.


Кірме терминдер ана тіліне нұқсан келтірмеуі тиіс

Қазіргі уақытта мемлекеттер арасындағы экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени қарым-қатынастардың арқасында тіл білімінде терминдерді терең зерттеу қолға алынды. Әсіресе, мұнай мен газға байланысты лексиканы зерттеуге ерекше қызығушылық туып отыр. Қазіргі тіл біліміндегі «халықаралық» терминдер туралы пікірлерді айта кетсек, қазақ тіліне орыс тілі арқылы Еуропа тілінен енген терминдерді «халықаралық» терминдер деп атап жүргені белгілі. Бұл мәселе тура¬лы ғалымдардың көзқарастары әралуан.


Қазақ тіліндегі терминжасам мәселелері

Терминдердің осы уақытқа дейін орыс немесе басқа тілдерден кірігіп, тіліміздің терминдік қорын байытып келгені белгілі. Осыған байланысты соңғы ұлттық тіл мәселесіне, сонымен бірге ұлттық терминдерді қалыптастыруға мықтап ден қоюымызға орай тіліміздегі сөздер мен терминдердің көпшілігі шама-шаркынша қазақ тіліне аударыла бастады.


Қазақша термин қайтсек жақсы жасаймыз?

Қазақша термин жасау мәселесі, былайша алынғанда, бәлендей қиын да мәселе емес. Әдеттегі сөздер қалай жасалса, сөзжасам қандай-қандай тәсілдерге негізделсе терминдер де солай жасалынып, сол теориялық негіздерге сүйеніледі. Солай бола тұрса да, біздің қазақи тілдік ортада қазақша термин жасау дәстүрі әлі күні толыққанды қалыптаса қойған жоқ. Тіпті қазақша термин жасауға деген ынта мен құлық та әр уақыт байқала бермейтін сияқты. Оған себеп – 80-90 жыл бойы қазақ тілінің мәртебесін құлдыратуға, орыс тілінің мәртебесін асқақтатуға бағытталған саясат пен сол жолда істелген арнайы шаралардың нәтижесі деп есептейміз. Ғылыми терминдерді жасайтындар – cөз жоқ әр ғылым салаларының мамандары. Неге екенін қайдам, қазақ ғалымдарының көбі мейлі олар техникалық ғылымдардың өкілдері болсын, мейлі қоғамдық ғылымдардың өкілдері болсын (бұлардың ішінде қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің өкілдері де бар) терминдерді қазақша жазудың орнына еуропа тілдерінде қалай айтылып, қалай жазылып жүрсе, солай қолдана салады.


Заң саласындағы құжат тілінің мысалында арнаулы тілдің анықталу жайы

Ғалымдардың көрсетуінше, «арнаулы сипат алған лексика дегеніміз - қоғамдағы өзара ыңғайлас әртүрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз қолданыстары екен (сөйлемше, я сөз тіркестері) [1, 153 б.].


Техникалық терминжасамдағы сөз таптарының орны

Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамуы бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста болатыны анық. Ендеше ғылымда кез келген жаңалық өзімен бірге сол жаңалыққа қатысты терминдер топтамасын дүниеге әкелетіні сөзсіз. Сондықтан да кез келген ғылымның белгілі бір тілде дамуының бір көрсеткіші сол тілде аталған сала терминдерінің жасалу деңгейі болмақ. Әдеби тіл стильдерінің бірі болып табылатын ғылым тілін қалыптастыруға негіз болатын термин сөздер туралы зерттеу еңбектерінде аз айтылып жүрген жоқ. Осы бағытта жазылған мақалада қазақ тілінің техникалық терминжасамындағы сөз таптарының орны сөз болады. Автор сөз таптарының техникалық терминдерді жасауға қатысуын саралап, олардың өзіндік үлесін анықтайды.


Теоретические основы анализа юридической терминологии

Проблема изучения терминологии является одной из важнейших задач современного языкознания. Существует большое количество работ, в которых рассматривается само понятие термина, его лингвистические и семантические составляющие, раскрывается содержание этого понятия. Некоторые авторы даже высказывают идею о создании общей теории терминоведения, однако, до настоящего времени попытки выделить исследование терминов в отдельную лингвистическую дисциплину не дали положительного результата.


Аударма және терминология

Термин, жаңа сөз қалыптастыру – күрделі процесс. Жаңа сөз жасауда түрлі сипаттағы пікірлер мен ұсыныстардың болуы да заңды. Осыған орай кейде әр өңірдің қазағының сөйлегенін, әртүрлі таным-түсініктегі қазақтың сөйлегенін көріп, говорлық, диалектілік ерекшеліктерге қатысты тағы бір жаңа тұжырым жасауға болатындай. Әр өңір өзі түсінігін, өз сөз қолдану ерекшелігін, өзінің танымындағы ұғымды түсіну сипатын жаңа сөздерді қалыптастыруда алға тарта жөнеледі. Қайсысы болса да уәжді пікір, дәлелді ой айтады.


Терминология мәселелері

Кез келген сөздіктің жасалуы кешенді түрде атқарылатын үлкен ғылыми мәселе, ал ұлттық тілдің аударма терминологиялық сөздігін түзу – әр уақытта ұлттық тілдің ғылыми тілдік өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Тарихи тұрғыдан қарастырар болсақ, ол көбінесе тарихи және ұлттық сана-сезімнің өсу кезеңімен, ұлттың қалыптасуымен, әдеби тіл мен оның нормасының тұрақтануымен байланысты келеді екен.


Ортақ түркі терминологиясын қалыптастыру – бүгінгі күн талабы

ХХІ ғасыр тек қазақ халқының ғана емес, тұтас түркі тектес жұрттардың алдына мол мүмкіндіктер ашуымен бірге, шешімін табуды көздейтін зор міндеттер де қоюымен ерекшеленуде. Рухани құбыланаманы анықтауда, ғылымның сан алуан саласында зерттеулер жасап, ізденістер жүргізуде осы кезге дейін бір жақты еуропаменмендік («ұлы орыстық») ойарна аясында қалыптасып қалған әдіс-тәсілдер мен негіз-тіректерге, көзқарастық бағдарларға ғана сүйеніп елеулі табыстарға жете алмайтынымыз әрі көне сүрлеуді шиырлаудан аса алмай, көшірінді еліктеушілік шеңберден шыға алмайтынымыз анық болып тұр. Оның үстіне Кеңес Одағы аясында өмір сүрген түркі халықтарының ойлау жүйесіне ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік еткен «формасы – социалистік, мазмұны – ұлттық» әдіс-тәсілдің де тигізген әсер-ықпалы аз емес.


Заңнама тілдік норманы сақтау мен лексикалық варианттылық мәселесі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында заңнама сапасын жетілдіру мәселелері қамтылған. Сондай-ақ Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейінгі ұлттың саяси бағытының бірі ретінде мемлекеттік тілдің дамуын белгілеп, «Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыруды, қазақ тілін жаңғырту, терминология және әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселелерін шешу қажет», - деп атап өткені белгілі.


Мекен-жай сөзін қашан «тұрақ» деп береміз?

Адрес сөзінің дұрыс аудармасы тұрақ. Кеңес дәуірі кезінде адрес сөзінің аудармасы, осы ұқсас, «мекен-жай» болар-ау деп біреу аударып еді, сол қате күйі әлі келе жатыр. Ал енді қызылкеңірдек болып, сен «тұрақ» автостоянка деп тамағымызға жармаса кететіндерге айтарымыз «стоянканың» нағыз аудармасы жай, автостоянка – автожәй, көлікжәй. Өзімізге белгілі «Абай жолы» романында үңгірді паналайтын кедейге қатысты тұсында оның тұрағы деп беріледі. Сонымен бірге «Елім-ай» романында да Қоқандықтардың озбырлығына шыдамай қашатын кедейдің өзін құтқарған бай-қазақтарға қатысты, өзінің тұратын жерін айтуында да «тұрағым» деп береді. Тағы басқа әңгімелерді қарасаңыз да адрес сөзі қазақ халқында тұрақ деп беріледі.


Ресми - іскерлік құжаттардағы терминологияның кейбір мәселелері

Ресми -іскерлік стиль-басым көпшілігінде құжаттар стилі. Қызмет ететін негізгі саласы-халықаралық, мемлекеттік, қызметтік құжаттар. Бұл стиль қоғамның мемлекеттік, қоғамдық, саяси өміріндегі әр түрлі акттерде құжаттаудағы сұранысын, адамдар мен заңды тұлғалар арасындағы әкімшілік, іскерлік қарым-қатынастарды қанағаттандырады.


Қазақ терминологиясының даму белестері

Бұл мақалада еліміз тәуелсіздік алғалы ғылым ретінде дамып отырған қазақ терминологиясының жай-жапсары туралы баяндалады. Тіл білімінің басқа салалары тәрізді терминология да қазіргі кезде қарқынды даму үстінде. Бұрын лексикологияның бір шағын саласы болып келген терминология – қазір өзінше үлкен бір бағыт, зерттеу әдістері мен тәсілдері қалыптасқан, өзіндік ұстаным мен бай тілдік материалға ие, басқа ғылым атаулымен шектесетін, ажырататын тұстары бар үлкен сала болып табылады. Бұл мақалада қазақ терминологиясы дамуының негізгі аспектілері сөз болады. В статье рассматриваются современное состояние терминологический науки в казахском языке. В частности, дается обзор проделанных научных работ в период Независимости Казахстана, способствующих развитию казахской терминологии. Также указываются важные аспекты в развитии казахской терминологии. казахский язык, термины, терминологическая наука The issue of the modern scientific terminology in Kazakh language is considered in the article. In particular, it gives an overview of the research conducted since Kazakhstan has become independent country, contributing to the development of the Kazakh terminology. Also it indicates major aspects of the development of Kazakh terminology. the Kazakh language, terms, scientific terminology


Ахмет Байтұрсынов қазақ термині мен терминологиясының ерекшеліктері

Тілді қарым-қатынас құрал ретінде қолдану деңгейі (тілді білу деңгейі) қоғам мүшелерінің бәрінде бірдей емес... Қоғамның басым көпшілігі тілді тілдесім деңгейінде ғана біледі, яғни сол тілде қарым-қатынас жасайды (сөйлесім, тыңдалым, жазылым, оқылым). Ал сол қоғамның бір әлеуметтік тобы тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сол тілде сол тіл туралы ізденістер жүргізу үшін де қолданылады. Басқа сөзбен айтатын болсақ, сол тілде сол тіл туралы ғылыми тілдесімдік қызмет жасайды. Тілдің құрамындағы осы тілді метатіл (метаязык), метатілдесім (метаречь) дейді. Тіл білімі сөздігінде метатілдің түсіндірмесін былай берген: “Метатіл (грек meta – арқылы, кейін)... тіл – құрал көмегімен объект – тілдің сипатталуы ...” 1, 220 б.. Бұл түсіндірмеге “жүйелендіру” сөзін де қосуға болар еді, себебі метатіл тек сипаттаймайды, жүйеге де келтіреді. 2, 297-298 бб..


Қазіргі терминжасам ісіндегі терминологиялық норма мәселелері

ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың дамуы, әлеуметтік саяси, тарихи, мәдени өзгерістер өмірімізге көптеген жаңа ұғымдарды алып келіп, сол ұғымдардың әрқайсысына жеке атау табу қажеттілігін туғызып, терминжасам үдерістерінің өзектілігін арттыруда. Қоғамдағы осы өзгерістер кез келген тілдің құбылмалы, өзгеруге, жаңаруға бейім тұратын саласы – терминологияда көрініс табады. Қазақ тілінің терминологиясы қазір даму, жаңару үстінде. Оның басты себебі – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы.


Қазақ терминдері қандай болу керек?!

Термин сөздер – аяғын аспаннан салбыратып түскен, «қасиетті», «құдіретті» сөздер емес. Олардың әдеттегі халықтық сөздерден еш айырмашылықтары жоқ. Жалғыз-ақ айырмашылығы бар, ол - әлгі термин сөздердің арнайы, ерекше мағынада, яғни белгілі бір ғылыми ұғымды білдіретіндігі және терминдердің тек белгілі бір ғылыми терминдер жүйесінде ғана термин бола алатындығында.


«Қазақ терминологиясының ғылыми негізі толықтай қалыптасты…»

Соңғы кездері қоржыны бай тіліміздің қорына «Халықаралық терминдердің» қаптап енуі тіліміздің өзге сөзбен шұбарлануына себепші болып отыр. Термин сөздер мен термин емес сөздердің ара-жігін дұрыс ажырата алмауымыздың өзі күрмеуі қиын мәселені күрделендіріп жібергендей. Өзге мемлекеттердің ешқайсысы терминдерді халықаралық атауларымен атамайды. Тиісінше аударып, өз тіліне икемдеп барып, қолданысқа енгізеді. Алысты аңдымай-ақ, көрші Ресейдің өзін мысалға алсақ жетіп жатыр. Біздегі ғылыми терминдердің көпшілігі орыс тіліне икемделіп алынған. Ол қазақ тіліне аударылған күннің өзінде де сапасы сын көтермейтіні белгілі. Ұлттық терминологияны дамытуда қандай жұмыстар атқарылуы керек? Осы және өзге де мәселелер төңірегінде және қазақ терминологиясының бүгінгі бет алысын білу мақсатында А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, доцент Сәрсенбай Құлмановпен сұхбаттасудың орайы келген еді.


Қазақ тіліндегі терминжүйенің когнитивті сипаты

Бүгінгі таңда адам факторы өзекті болуына байланысты тілді антропоөзектік тұрғыдан зерттеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мұнда адам екі түрлі бағытта сипатталады: 1) адамның тілдегі көрінісі; 2) адамның тілді тұтынуы. Бірінші бағытқа сәйкес адамның дүниетанымы байқалады. Мысалы, адамның соматикалық бейнесінің концептуалдау нәтижесінде адамның физикалық қабілеті, зияткерлік (интеллектуалдық) қабілеті, эмоциясы, әлеуметтік «мен»-і көрінеді, адам сөйлеу-ойлау әрекетіне қатысушы тұлға ретінде көрінеді. Тіл ойды жарыққа шығарумен қатар таным әрекетіне өзіндік таңбасын қалдырып отырады. Білім алдымен тілдік семантикада кодталады. Тілді когнитивті тұрғыда зерттеуде болмыс туралы білімнің қалай берілетіні, оның өзіндік ерекшелігі айқындалады.


Терминдер мен қоғамдық-саяси лексиканың тілдегі орны мен маңызы

Қоғамдық-саяси лексиканың өзіндік ерекшелігі, басқа сөздерден айырым белгілері, олардың семантикалық топтары деген сияқты т.б. мәселелерге тілші ғалымдардың көзқарастары ортақ. Әдетте олар ондай сөздерге мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесіне және оның жүргізіп отырған саяси-экономикалық саясатына, қоғамдық-әлеуметтік даму үдерісіне қатысты сөздерді жатқызады, оған беретін анықтамалары да бір-бірінен аса алшақ кетпейді.


Халықаралық терминдерді орфограммалаудағы ұстанымдар

Түркі тілдері ХХғ. басынан бері халықаралық терминдермен оның ішінде латын негізді терминдермен толығып келеді. Кеңестік түркі тілдері орыс тілі арқылы енген интернационал терминдермен, түрік тілі ағылшын, француз тілінен тікелей енген терминдермен байыды. Кирил графикасындағы түркілердің кірме лексикасы, сөйтіп, орыс тіліндегі терминдердің өзі болып шықты. Сонда кірме лексика түркі тілдеріне жаңа дыбыс реңкін немесе жаңа фонема немесе бөгде дыбыс реңкін алып келді. Сөйтіп, орыс тілін (кеңестік түркілер үшін) немесе француз, ағылшын тілін (түрік тілі үшін) фонетикалық жағынан тез меңгертетін ортаға өз-өзімізді тап қылды. Ал кірме лексиканы түпнұсқа принципімен жазу, әсіресе орыс тілінің жазба тілін тез қабылдауға жағдай жасады деген сөз.


Заң лингвистикасы және терминдер

Заңнама лингвистикасы – тілтанудағы өзекті және тың сала десек, қателеспейміз. Әріге бармай-ақ, тек соңғы ширек ғасырды қамтитын уақыттың ішіндегі заңнамалық шығармашылық жұмыстың ауқымында қолданысқа енген жаңа заң лексикасы, жаңа терминдер мен заңи тұрақты тіркестер ұлттық заңнама лингвистикасын туындатудың және оны одан әрі өрістетудің өзгеше бір жаңа қыры, арнасы болып табылады. Ал бұл арнаның негізі – заң терминдерін қолданыстық сипатына қарай саралап, жүйелеп қалыптастырумен және сапалық жағынан жақсартумен, нақтылаумен тікелей байланысты.


Медициналық терминдер бірігейлене түсті

Бүгінгі күні қазақша медициналық терминологияның дамуын екі кезеңге бөліп қарауға болады: алғашқы кезеңдегі мақсат медициналық терминдердің баламаларын іздестіріп, табу болса, қазіргі кезеңдегі мақсат әртүрлі қолданылып жүрген атауларды бірегейлеп, біріздендіру жұмысы.


Дінтану терминдері мен атауларын дұрыс саралап жүрміз бе?

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бүкіл халық болып, өз дінімізді, ділімізді, тілімізді дамытуға бет бұра бастадық. Осындай жауапты кезеңде сөз қолданыстарына, терминжасам мен аудармаға мұқият көңіл бөлу қажеттілігі туындады. Әлем дүрлігіп жатқан соңғы жылдары ислам дініне күйе жағу, сол дін өкілдеріне күмәнмен қарау етек ала бастады. Дәстүрлі исламға лаңкестік, экстремизм ұғымдары - тіптен жат нәрсе. Осы орайда, халықты ислам тарихы, оның бағыттары, оған қатысты қолданылатын терминдер мен атауларды түсіндіру жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізген абзал.


Жаңғыру жаңғырық болмасын десек...

Жақында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көргені белгілі. Онда еліміз болашақта ұлттық кодты сақтай отырып, жаңғыру қажеттігі баса көрсетілген. Біз ұлттық код деп тіл, діл, дін үш тағанын танимыз. Бұл үшеуінің бірі болмаса, ұлт шатқаяқтайды, әлемдегі өзіндік орнынан айырылады. А.Байтұрсынұлы тіл туралы толғанысында «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиспіз» деп ой қорытады. Қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» деп айтуы да бекер емес. Яғни бұл үштағанның ішінде негізгі тірек тіл деп танысақ, артық айтпаған болар едік.


Терминжасам

Астанада өткен алқалы жиында ғалымдар осы мәселе жөнінде ой бөлісті Жуырда Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазіргі терминжасамның бағыттарын айқындау мәселелері» тақырыбында тілші ғалымдардың, терминолог мамандардың қатысуымен семинар-кеңес өтті. Басқосуды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов жүргізіп отырды. Сол жиында айтылған өзекті мәселелерді, ой-толғамдарды назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жасау мәселелері (қазақ, түрік тілдерінің негізінде)

Тілдер дамуының әлеуетін көрсететін бірліктің бірі –терминология. Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жасау мәселесінде термин жасау үлгілерін зерттеп-зерделеу, жүйелелу, оны ортақ қолданысқа түсіру, терминжасам жолдарын ғылыми негіздендіру, көптілді терминологиялық сөздіктер жасауды қолға алу өте маңызды. Кеңестік Одақ заманында түркі тілдес халықтардың тығыз байланыста болмауы олардың тілдерінің, оның ішінде терминжасам мәселелеріне де кері ықпалын тигізді. Осымен байланысты Ш.Құрманбайұлының: «Түркі тілдері арасындағы терминдерді біріздендіруге, өзара терминалмасым үдерісін жолға қою арқылы ортақ терминдер қорын молайта берудің маңыздылығын көрсететін негіз жеткілікті», - деген тұжырымы орынды [1,7].


Салалық терминологияның теориялық мәселелері

(Ж.С. Бейсенованың «Салалық терминология: жүйелілігі, типологиясы, қолданысы» монографиясы бойынша ) Аңдатпа Мақаланың басты мақсаты - профессор Ж.С. Бейсенованың салалық терминология мәселелеріне арналған монографиясын талдау. Ғылыми зерттеудің құрылымы, қарастырған басты сұрақтары, қазақстандық терминтану ісіне қосқан үлесі туралы сөз болады. Монография авторының қазақ және орыс тілдеріндегі салалық терминологияның жүйелік- құрылымдық сипатына, қолданбалық және уәждемелік табиғатына, тезаурустық үлгіленуіне қатысты тұжырымдары талданады. Тірек сөздер: салалық терминология, типология, жіктеу, терминдік жүйе, термин табиғаты, уәждемелік, қазақ және орыс тілдері.