«Салалық терминологияны қазақ тіліне бейімдеу мәселелері» атты онлайн-семинар өтеді

«Салалық терминологияны қазақ тіліне бейімдеу мәселелері»  атты онлайн-семинар өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 25 маусымда termincom.kz сайтындағы электрондық алаңда «Салалық терминологияны қазақ тіліне бейімдеу мәселелері» тақырыбында онлайн-семинар өткізеді.

Ұлттық терминология мәселесі – халқымыздың ғылым мен техника, мәдениет пен экономика салаларындағы жетістіктерін байқататын рухани және саяси маңызы зор факторлардың бірі. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ұлттық терминология кеңістігінде терминдердің қолданыс мәселесіне байланысты тың ойлар талқылануда. Қазіргі таңда терминология, оның ішінде салалық терминдерді қазақ тіліне бейімдеу мәселелері аса маңызды мәселе.

Белгілі лингвист-ғалымдар, оның ішінде терминологтар қатысатын бұл онлайн-семинарда салалық терминдерді қазақ тіліне бейімдеудің жолдары мен алғышарттарын талқылау көзделіп отыр.

Тermincom.kz сайтының барша тіркелушілерін, тіл жанашырларын аталған сайтта өтетін онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Байланыс телефоны: 8(7172) 27-30-42, 8775-541-09-89.