«ТІЛ – ҚҰРАЛЫНЫҢ» ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

«ТІЛ – ҚҰРАЛЫНЫҢ» ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Тұтастай бір ұлттың сана-сезімін, ұлттық танымын қалыптастыру арқылы ұлттық рухты асқақтатуға болатынын ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялылары сан мәрте айтып қана қоймай, өз істерімен, тамаша еңбектерімен дәлелдеген еді.

Тұтастай бір ұлттың сана-сезімін, ұлттық танымын қалыптастыру арқылы ұлттық рухты асқақтатуға болатынын ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялылары сан мәрте айтып қана қоймай, өз істерімен, тамаша еңбектерімен дәлелдеген еді. 

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» атты ғылыми еңбегі – ғалымның зерттеушілік ойларының жемісі ғана емес, зор тәрбиелік мәні бар, ұлттық танымды нықтай түсетін еңбек. Аталған еңбекті зерделей оқи отырып,  дағдыландыру, сынау тапсырмаларында адам танымы нәтижесінде жинақталған ақпаратты асқан шеберлікпен бере білген ұстаздың әдіскерлік шеберлігіне тәнті боласың. Мысал келтіріп көрейік: 

Төмендегі сөздердің буындарын айырту.

Бал, бала, балалар, сау, саулық, саусақ, сауда, саудагер, тай, тайау, тайғақ, тайлақ, тайғанақ, тайсалу, тайпалу, тайану, аш, ашық, ашқыш, ашқан, ашқарақ, ашқылтым, жан, дене, самай, сақал, мойын, кеуде, алақан, шеміршек, апа, қарындас, немере, нағашы, құдаша, қаз, қарға, қарағұс, қарлығаш, жапалақ, балықшы,  жағалтай,  күйкентай,  безгелдек,  қызғаншақ,  қарғануға,  сақтануға, аударуға, құлатуға, сескенуге, өстіруге, солқылдауға, сандырақтауға, шашыратуға, аударыстыруға, ұшыратуға.

Берілген мысал сөздерде, біріншіден, оқытудың жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге принципі басшылыққа алынған. Екіншіден, мысал сөздер тізбегінде жоғарыдағы принципке сәйкес күнделікті қолданыстағы сөздер, түбірлес сөздер, адамның дене мүшелері, туыстық атаулар, құс аттары, қимыл атаулары жүйелі түрде, ұлттық таным негізінде берілген.

А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді»,- дей отырып, «Тіл-құралдағы» дағдыландыру жаттығуларына көптеген қазақтың мақал-мәтелдерін алған. Жас ұрпақтың санасына ұлттық танымды сіңіре отырып, ұлттық рухта тәрбиелеуге бағыттау үшін жалындаған жалаң сөз емес, халық арасында кең тарап, үнемі құлаққа сіңісті болған мақал-мәтелдердің алынуы А.Байтұрсынұлының әдіскер-ұстаздығының бір ғана қыры десек болады.

«Тіл – құралынан» алынған мақал-мәтелдердің мағыналық түрлерін топтасақ:

<!-- [if !supportLists]-->1.                 <!--[endif]-->Адамның адамшылық қасиетіне байланысты мақал-мәтелдер: Жақсы келсе құт, жаман келсе  жұт. Күн  ортақ,  ай ортақ,  жақсы  ортақ. Атаң  жаман  кісі еді: ат бергеннің құлы еді, енең жаман кісі еді: Мәскеудің қара  күңі  еді. Аузы жаман елді былғар, аяғы жаман төрді былғар. Шалқайғанға  шалқай, Пайғамбардың  ұлы  емес, еңкейгенге  еңкей, атаңнан  қалған  құл  емес.

<!-- [if !supportLists]-->2.                 <!--[endif]-->Бірлік, татулыққа, әдептілікке шақыратын мақал-мәтелдер: Көп қорқытады, терең батырады. Көшсе, көш қасындамыз, отырса от басындамыз. Жалғыз  ағаш  үй  болмас, жалғыз  жігіт  би  болмас. Үйге келгенде, үйдей өкпеңді айтпа. Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар  ұятқа. Шақырғандарға  бар, шаққандардан қаш. Шақырғандарды шақырармын, шақырмағандарға қақырармын. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Сенікі, менікі деген – көңіл тарлығы, әрі жат, бері жат – төсек тарлығы. Тау мен тасты су бұзар, кісі арасын сөз бұзар.

<!-- [if !supportLists]-->3.                 <!--[endif]-->Адалдық, білімнің пайдасы, туған жер, отбасылық тәрбие туралы  мақал-мәтелдер: Ер  туған  жеріне, ит тойған жеріне. Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Білегі толық бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. Берген алар, еккен орар. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алар. Ақыл  жастан  шығады,  асыл  тастан  шығады.  Мал – жаным садағасы, жан – арым садағасы. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Ашу – дұшпан,  ақыл –  дос, ақылыңа  ақыл қос. Жақсыдан жаман туады, жүйріктен шабан туады.  Берген жомарт емес, алған жомарт. Ұлың өссе ұлықтымен ауыл бол, қызың өссе қылықтымен ауыл бол. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер және т.б.

Мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөлу үшін, жас ұрпаққа білім нәрін, тәрбие мәнін жеткізу үшін ұлт ұрпақтарын тәрбиелеушілерге А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралы» қашан да баға жетпес үлгі-өнеге екенінің, рухы көтерілген ел өзінің құндылықтары мен рухани байлығынан сусындағанда ғана жас ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие бере алатындығының дәлелі осы болмақ.