"
Қайырлы күн. «Бұрын бекітілген терминдерді жоққа шығару қаншалықты әдеп тұрғысынан да, кәсіби тұрғыдан да орынды? Қандай да бір терминді бұрын мақұлдаған комиссия мүшелерінің еңбегі қайда кетпек?" -деген Ерболат Ғалымжанұлының пікірін Толығырақ ...басшылыққа ала отырып мен де бірнеше терминдерді келтіре кеткім келіп отыр. Мысалы, "белок". 2005 жылы "нәруыз" деп қабылданған бұл термин 2021 жылы "ақуыз» деп бекітіліпті. Ақуыз - тікелей аударма, дұрысы нәруыз.
  • Нәруыздың мағынасы мен терминкомдағы алдында бекітілген нұсқасын ескере отырып, осы «нәруыз – белок» нұсқасын қалдырған жөн.
    Терминологиялық алаңда:
    1. Актин-байланыстырушы нәруыздар – актин-связывающие белки (2019 жылы бекітілген термин)
    2. Нәруыздық (протеиндік) дистрофия – Толығырақ ...белковая дистрофия (2017 жылы бекітілген термин)
    3. Нәруызды заттек – вещество белковое (2017 жылы бекітілген термин)
    4. Нәруыз (мед.) – белок (2005 жылы бекітілген термин)
    5. Нәруыздар – Белки (Химия)
    6. Күрделi нәруыздар – Белки сложные (Биология)
    7. Құнарлы нәруыздар – Полноценные белки (Биология)

    Нәруыз – амин қышқылдарынан құралған органикалық зат. Нәруыз ағзалар тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте манызды қызмет атқарады.
    /
    Ақуыз – жұмыртқаның ағы, дегендей ажыратып алу қажет.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.