.......Медициналық терминдерге қазақша балама іздеу процесі әу баста негізгі анатомия атауларынан басталған. Ерте кезде сөздік құрастырған тілшілер, немесе медиктер көзге көрінбейтін кейбір ішкі мүше атауларын жобалап аудармалап «ат қойып" беріп Толығырақ ...кеткен. Сол күйінде кейбір атаулар құлаққа сіңісті болып қалыптасып кеткен. Соны пайдаланып жүрміз. Мысалы, СЕМЕННОЙ ПУЗЫРЁК деген атаусөзді -- "семя". "семена" деген сөзден шығарып ҰРЫҚ, деп жазды. Ұрық дегеніміз ЗАРОДЫШ, ПЛОД... Аталық организмнің шашатыны -- "СЕМЕННАЯ ЖИДКОСТЬ". , ал, оның латыншасы "SPERMА", қазақшасы -- ШӘУЕТ (тәуіптер ШАҺУАТ дейтін; Бақуаты мықтының шаһуаты мықты)...... Көптеген сөздіктерде СЕМЕННОЙ ПУЗЫРЁК атауы "ұрықтық көпіршік" болып қалыптасқан. Бір ғана орыстың "ПУЗЫРЁК» сөзі -- 1) бөртпе; 2) шиша ; 3) көпіршік; 4).шиқөшке (четвертушка).; 5) қуықша. деп т.т.с.. аударылады. Ал, дұрысы -- СЕМЕННОЙ ПУЗЫРЁК дегеніміз ШӘУЕТ ҚУЫҚШАСЫ болып аударылу керек .
....Кейде осы сияқты сұрақтарға нақты жауап табылмағандықтан сөздіктерімізде қателіктер бар. Менің ұстанымым; терминком талқысына салу керек, жұрт ойына келген сөзді жаза бермеу үшін қиын атаулардыдың латыншасын vesicula seminalis немесе SEMINAL VESICLES дегендей етіп жаза тұрыңыздар дер едім.... кейінірек сәтті балама табыла жатар.....