"
Терминологиялық жұмыс тобының отырысы өтті
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Толығырақ ...Терминологиялық жұмыс тобының отырысы өтті. Ұлттық әліпбиді қабылдау барысындағы терминдерді қалыптастыру бойынша өткізілген отырыста Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов сөз алып, Терминологиялық жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру биыл Білім және ғылым министрлігінен Мәдениет және спорт министрлігіне ауыстырылғанын тілге тиек етті. Бұдан кейін ғалымдар көтеріліп отырған мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды. Олардың қатарында: А.Фазылжанова, С.Құлманов, Қ.Айдарбек О.Жұбаева, С.Итеғұлова, т.б. бар. Отырыста аталған мәселе бойынша профессорлар – Ш.Құрманбайұлы қазақ терминдерін латын әліпбиіне көшу кезінде А.Байтұрсынұлы принципіне жүгіну, қандай терминдерді аударамыз, қандай терминдерді өз қалпында аламыз деген мәселені қозғаса, Б.Әбдуәли термин жасау кезіндегі алқалы жиындарға жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген ғалымдарды да қосу керектігін тілге тиек етті. Бұл отырысты «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының бас директоры Ә.Асқар үйлестірсе, Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдеш қорытындылады.
Bakhytzhamal Esimseit, Абитаева Эльмира, Ғалия Алишова
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.