***Көптеген ғылыми терминдердің бір сөзбен аударылмайтыны, мән-мағнасы ауқымды болатыны белгілі. Сондықтан латын (грек) тіліндегі Толығырақ ...көптеген ғылыми атаулар аударылмай сол қалпында сақталуы қажет. Мәселен, асқазанның қабынуын ғылыми тілде гастрит деп атайды. Бұл сөздің орыс тіліндегі түсіндірмесі «воспаление слизистой оболочки желудка». Науқасқа диагноз қойылғанда дерттің атауы АХЖ (аурулардың халықаралық жіктемесі) талаптарына сәйкес болуы міндетті. Латын тілінен енген көптеген терминдердің қазақша түсіндірмесін беру мамандардың ісі. Халықаралық ғылыми терминдердің негізгі түбірлері сақталу керек. Грек, латын тілдерінен енген негізгі түбірлік терминдерге жалғанып жаңа термин туындататын бөлшектерге мән беру керек. Мысалы, -а; -ан; -аза; --амило; -анти; -био; -гидр; -эндо; -экзо; т.с.с. Мысалы, ан+емия, анти+токсин, гидро+цефалия, эндо+скопия, т.с.с.
***Орыстардың өз тілдеріне сәтті аударған немесе тыңнан тапқан орысша терминдері болса мүмкіндігінше қазақ тіліне аудару керек.
***Орысша сөз тіркестерімен аталатын терминдерді аударғанда 2-3 сөзден көп болмағаны жөн. Термин ұзақ сөйлем болып тұрса латыншасынан, немесе ағылшыншасынан аббревиатуралық термин жасау керек. Мысалы: Ла́зер (ағылшынша .... « light amplification by stimulated emission of radiation » деген құбылысты орыстар «усиление света посредством вынужденного излучения» ) деп ұзақ түсіндрмелеп басын қатырмай-ақ ағылшыншаның бірінші әріптерінен аббревиатура сөз жасап ЛАЗЕР дейді.
*** -логия; ...-изм қосылып жасалған атауларды казақшаға аударудың қажеті жоқ, мысалы, фило+логия, гастро-энтеро+логтя, коммун+изм
***Өткен 5-10 жыл бұрын терминкомның талқылауынан өтіп ұсынылған, тілдік айналымда жүріп, санаға сіңіп кеткен қазақы атау сөздерді «шо-то мне не нравится» деп қайта-қайта талқыға салып, білгірсіп өзгерте берудің несі жақсы ??.
(Мухамбедия Ахметтөреұлы)