"
"Оралман" атауын өзге атауға ауыстыруға қалай қарайсыз?

Оралман -

Этникалық көшіп келуші0 %Отандас0 %Репатриант немесе этникалық репатриант0 %Қандас18 %Оралман81 %11 дауыс
Жанарбек Әшімжан
  • Қызғалдақ 4 жыл бұрын

    Ел арасында оралман ұғымы жақсы қалыптасып қалды. Оралман сөзін басқа тілімізді бұрап айтатын репатриант сөзіне ауыстырғаннан КІМ НЕ ұтады? оралман екендері рас қой. Кезінде ата-бабалары осы жерде туып-өсті, алайда тағдыр Толығырақ ...тәлкегі дейміз бе, әйтеуір бір себеппен шет елге ауа көшті. Енді ата-абаларының ұлы даласына қайта оралып отыр. ОРАЛМАН емей немене? оның несі айып немесе кемшілік. Сол себепті ОРАЛМАН атауы қалу керек!

  • "Оралман" термині қалу керек. Оның мынадай себептері бар: 1) бұл атау қаншама жыл тілімізде қолданылып келеді, демек, қалыптасқан атау. Оны өзгерткенде ешнәрсе ұтпаймыз; 2) термин ретінде қалыптасқаннан кейін оның мазмұнындағы Толығырақ ...экспрессивтілік, эмоционалдық бояу өз-өзінен жоғалады. Сондықтан "оралман" терминінің мазмұнынан сондай белгі іздеу, термин жайындағы түсінігіміздің аздығын білдіреді. Жалпы қалыптасқан қазақша атауларға "тиісе берудің" қажеті жоқ. Мұндай үрдіс тілімізге де, танымымызға да еш пайда әкелмейді.

  • Бақытгүл Ысқақова 4 жыл бұрын

    Шынында да "оралман" термин ретінде әбден қалыптасқан. Ауызекі сөйлеу тілінде де бұл сөз белсенді қолданыста болғандықтан. жаңа сөз, термин ұсынудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Оралман мәртебесімен елге оралған қазақтар Қазақстан Толығырақ ...азаматтығын алғаннан кейін аталған термин оларға қатысты күшін жояды ғой.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.