Құқық (ерік) – право сөздері (әкімшілік құқық – административное право; азаматтық құқық – гражданское право; ортақ құқық – общее право; еңбек құқығы – трудовое право; өзіндік құқық – личное право; Толығырақ ...вето құқығы – право вето; сайлау құқығы – право выбора немесе избирательное право; дауыс беру құқығы – право голоса; қол қою құқығы – право подписи және т.б.) кейбір жағдайда жекеше түрде қолданылады.
Құқық және құқықтары (право және права) терминдері негізінен басқа сөздермен тіркесіп айтылады (жеке адамның құқығы – право личности; әйелдердің құқықтары - права женщин және т.б.). Бірақ бұлар жекеше түрде немесе көптік жалғау қосып жазылған кезде, басқа мағынаға ие болуы да мүмкін. Мысалы, салық төлеушінің құқықтары дегеніміз – права налогоплательщика болса, ал «право» налогоплательщика десек, құқық түсінігінің «хақы» (бірдеңе істеу еркіндігі) немесе «қақы» (қақың жоқ) мағынасында ол оның өз еркі немесе қақысының жоқтығын да білдіруі ықтимал.
Көптік жалғау қосылғанда «құқықтары» (права) термині көпшілік жағдайда адамның тумысынан жазылған және ажырамас құқықтарына қатысты қолданыста пайдаланылады (сәбидің құқықтары – права ребенка; азаматтық құқықтыр мен міндеттер – права и обязанности гражданина; адам құқықтары мен бостандықтары – права и свободы человека және т.б.). Азаматтық құқықтарға байланысты да осыны айтуға болады. Яғни, адамның табиғи құқықтары мемлекет орнатқан әлеуметтік (шартты) құқықтардан жоғары тұрады екен.
Енді Айбек мырзаның "Права человека" сөзін "адам құқығы" деп айтып жүрміз осы дұрыс па? Мүмкін "адам құқығы" емес "адам құқы" шығар?» деген пікіріне қатысты бірер сөз. Алдымен, мәселенің өте орынды көтерліп отырғандығына көңіл аударғымыз келеді. Екіншіден, осындай дүдәмалдық тудырып отырған сұрақтың маңыздылығы күнделікті практикада адамды қиналтып, «құқығы» деген дұрыс па, жоқ әлде «құқы» деу керек пе еді деп шатастырғанша, қазірден бастап бұл мәселенің басын айырып алу қажеттігін көтергендігінде. Үшіншіден, көптік сипаттағы «құқықтары» (права) термині «адам құқықтары – права человека» мағынасында, жоғарыда атап көрсетілгендей, «адам құқы» (право) деген сөзіне қарағанда жиі қолданылытыны анық. Ал соңғысының (право) жекеше түрде өте сирек айтылатыныны соншалық, оны баспадан шыққан сөздіктерден, оның ішінде заңтану саласының арнайы сөздігінен де табу қиынға түседі. Ол ішінара осы күнгі электондық сөдіктерде ғана кездеседі.
Әйтсе де «құқық» терминінің синонимі «құқ», ал «құқ» сөзінің синонимі - «құқық» екендігінде дау жоқ. Құқық сөзі тағы да «ерік» мағынасында қолданылады (еркіне жіберу, ерік беру, әркімнің өз еркі). Оның синонимдері – билік, қақы (бірдеңе істеуге), қалау, ықтияр, ыңғай, хұқық (ауызекі сөзде право ұғымын білдіреді. Хұқықтың синонимі: билік, ерік, қақы). Мәселен, кейбіреулер «құқың немесе қақың жоқ – не имеешь права», «әр азамат өз мүддесін қорғауға қақылы – каждый гражданин имеет право защищать свои интересы» деп жатады.
Ендеше «құқ» сөзі «құқық» түсінігінің синонимі ретінде "адам құқығының" орнына "адам құқы" болуға «қақылы». Ауызекі тілде оны естіп те жүрміз. Бірақ «құқық, адам құқықтары» терминдері мемлекетіміздің Заңдары мен ресми құжаттарында кеңінен айналысқа еніп, қолданыс тауып отырғандығын да ескерген абзал. Ендігі мәселе «құқ» сөзінің «әлеуеті» оған қоғамдық-саяси өмірде өз орнын ойып тұрып алуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігіне байланысты болмақ. Оны болашақтың өзі көрсетер. Ойланған дұрыс ...
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі.
"Адам құқы" - келісемін.
Әрине адам құқы. Мәселен, "Өмір сүруге құқың бар" немесе "олай айтуға құқың жоқ" деген сөйлемдерді қолданамыз ғой

Басқа пікірлерді көрсету