"
Приложение - қосымша, дополнительно - қосымша...



Осылай кете беретін лексикалық сөздігіміз «өршіп" барады. бір миллионнан асатын қазақтың сөздік қоры бүгінгі лексикалық қорды жасақтауға, толықтыруға жарамай жатқаны ма, әлде соны Толығырақ ...келістіре алмай отырмыз ба?

Приложить - қосақтау, қосып жіберу, приложение: біріктіріп қосып жіберуге арналған "өнім" - дефинициясы осы.

Мобил телефонға қатысты "приложение" телефондарға қосалқы қызметтерді атқаруға арналған программалар, бұлар телефонға қосымша емес, өз алдына қызмет етуге қауқары бар "қосақтар", қосақталып жүреді. Бірақ "приложениені" қосақ десек қазаққа қабылдау қиын, себебі, қосақ деп, сиреп бара жатса да зайыпты да айтады. Дегенмен осыған "ша» жұрнағын қосып, жаңа лексема алуға болады: ҚОСАҚША. Сонда оның сипаты мен дефинициясына жақындаймыз әрі лексикалық таптаурыннан құтылғамыз.

ПРИЛОЖЕНИЕ - ҚОСАҚША. Кімде қандай нұсқа бар?
  • AidosQnp 1 жыл бұрын

    Ассаламу ғалейкүм, ағалар, бауырлар! Мен 15 жылдай компьютер саласында жұмыс істеп жүрмін. Ойымша, компьютерге қатысты "бекітілген" "сіңіп кеткен" қазақ терминдердің көпшілігі қате, әрі еркін түрде сіңбей жатыр. Олардың қателігі - Толығырақ ...мағынасының қателігінде, әрі ыңғайсыздығында. "Сіңіп кетті", "бекітілген" деу термин жасау, жақсарту жолында тек кедергі келтіреді.

  • AidosQnp 1 жыл бұрын

    Компьютерге қатысты қосымша деген сөздің көзін құрту керек. Серік ағаның бағытын толық қолдаймын. Бірақ жалпы компьютерге қатысты (қатыссыздар да) аудармалардың дені орыс тіліне сүйеніп шығып жатқаны көрініп тұр. Бірақ орыстар Толығырақ ...өздері ағылшын тілінен алады. Осылайша біз орыс аудармалардың кемшілік-ауытқуларын өзіміздің кемшілік-ауытқуларымызға қосып, термин жасап жүрміз.
    Бірақ ағылшынның Application-ын аударсақ, бұл сөз заттың мағынасынан ажырағанын көреміз. Ағылшын програмшылар тақырыпты талқыға салғантұғын: https://english.stackexchange.com/questions/251653/why-is-an-application-called-an-application
    Қазіргі кезде комп саласындағы Application - Приложение ұғымын Қос деген сөзге байлаудың еш қажеттілігі жоқ. Қазіргі application/app бұл програм (программа емес). Қос жүретін бірнәрсе емес.
    Сондықтан уақытша/тұрақты түрде
    Application - Програм, Мобильді програм
    деу дұрыс деп ойлаймын.
    P.S. Аудармасын ат әбзелі, жабдықтар арасынан іздеу дұрыс шығар.

  • "AidosQnp" ханым/ер (анық дерегіңіз көрсетілмепті), "Қазақ терминдерінің көпшілігі қате" деген сөзіңізбен Тіл комитетінің, ғалымдардың, мемлекеттік терминологиялық комиссияның жұмысын жоққа шығарып тұрсыз. Осы әрекетке қаншалықты құқығыңыз бар деген сұрақ туындайды. Нақты Толығырақ ... ұсыныс жазғаныңыз орынды. "Біз" деп жалпылаудың қажеті жоқ. Қосымша терминінің қолданылу саласы тек қана IT технологиялары емес, құжаттамада құжатқа қоса берілетін парақ та қосымша деп айтылады. Сондықтан анау қате, мынау кемшілік демей, сөзіңіз бен пікіріңізде нақты негіздеме болғаны жөн.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.