"
ПОСЫЛКА - ЖӨНЕЛТІМ - СӘЛЕМДЕМЕ - САУҚАТ...
17.06.2021 күні АБАЙТВ арнасының «Сөзтаным" көресітіміне қатыстық, жүргізуші белгілі терминолог Шерубай Құманбайұлы екен. Қатысушы көрнекті суретші әрі белгілі қарутанушы Қалиолла Ахметжан аға екеуміз болдық.
Кейбір Толығырақ ...сөздерді талдау барысында "посылка" сөзі ілігіп, оның бірнеше нұсқасы ұсынылғаны айтылды. Ал Қазпоштада "сәлемдеме" баламасы қолданылып жүргенін байқағам. Алайда, менен басқа жігіттер бұның "жөнелтім" вариантына тоқталды. Дегенмен, "жөнелтімнің" ОТПРАВКА сөзінің баламасы болатынына назар аудардым. Бұлардан басқа "сауқат" сөзі де ""үміткерлер қатарында екен. Маған осы сөз ұнады, бірақ бұны суретші ағамыз "оның сый, сыйлық" екенін айтып, оның алыстан жөнелтілетінін келтіріп, басқа мағына жүктеуге қарсылығын білдірді. Өз тарапымнан сый, сыйлық, сыйақы сөздерінің талайы бар екенін, ал архаизмге ұшырап, көмбеге түсіп бара жатқан "сауқат» сөзін аршып алып, оған екінші мағына жүктегенде тұрған ештеңе жоғын айттым...
Осы пікірталасты одан әрі жалғастыруға болар еді.
Бірақ неге осындай таласқа ардақты ағамыз Мұхамбедия Ахметовтен басқа Терминком мүшелері қатыспайды? Олардың айтары жоқ па? Уақыттары тар ма? Ондай болса неге уақыты мен айтары барлар, белсенділер бұл комиссияға тартылмайды? Әлде бұл комиссия...
  • "Посылка" сөзіннің баламасы болып Мемтерминкомның 2005 жылғы отырысында "сауқат" сөзі бекітілген екен. Бұл сөз айналымға тым жақсы еніп кетті. "Ауылдан сәлем-сауқат келді" деген сөйлемді естіген адамдарда "ауылдан хабар мен азық-түлік Толығырақ ...келді" деген ұғым пайда болатындығы туралы сауалнама жүргізгенімізде байқаған едік. Ал терминком мүшелері тарапынан белсенділік аз екенін осы алаңда жазылған талқылаулардан да байқауға болады. Өкінішті-ақ

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.