"
СӘНДІ ТЕРМИНДЕР
Бүгін сіздерге ерекше терминдерді ұсынбақшымыз. Бұл – сән саласының терминдері. Жаңадан пайда болған бұл терминдерді көпшілігіңіз білмеуіңіз де мүмкін. Бірақ суреттерімен бірге анықтамаларын береміз. Осы терминдердің қазақша баламасын ұсынып Толығырақ ...көріңіз. Сіздің ойыңызша қазақ тіліне аударып икемдеуге бола ма?

Бельтбэг (ағылш. belt + bag) – бұл әдеттегі белдік сөмке. Ол былғарыдан немесе матадан болуы мүмкін, бекітпе немесе сырмамен жабылады, белге тағылады. Адамдардың минимализмге көп мән беруінің арқасында пайда болды. Ішіне төлем карталары, кілт, далаптан басқа көп нәрсе сия қоймайды.

Дастер (ағылш. duster) – еркін пішілген, түймелері жоқ, белбеуі бар пәлте-халат. Дәл қазіргі таңда сәнді болуына қарамастан, дастердің сән әлемінде пайда болғанына көп уақыт болды. Оны американдық ковбойлар атқа мінген кезде шалбарды шаңнан қорғау үшін киген. ХХ ғасырдың ортасына қарай дастер әйелдер киімдері қатарына ене бастады. Ал қазір ол әйелдер гардеробының ажырамас бөлігіне айналды.

Джоггеры (ағылш. jogging) – төменгі бөлігі манжетпен тігілген спорттық шалбар. Ол бастапқыда саябақта таңертең жүгірумен айналысу үшін пайда болған еді, яғни джоггинг жортақтай жүгiру дегенді білдіреді. Бірақ қазір ыңғайлылығына қарай (пішімі еркін, кең, түймелерінің болмауы, көбінесе белі баумен байланады) күнделікті киетін киімге айналды.

Кроссбоди (ағылш. cross body) – иықтан өткізіп асылатын ұзын баулы сөмке. Кез келген матадан жасалады, кішкене немесе үлкен болуы да мүмкін. Бастысы ерекшелігі – ұзын бау.

Треггинсы (ағылш. trousers + leggings) – шалбар мен легинстің қосындысынан жасалған. Оны созылатын матадан тігеді, сәндік мақсатта металл тойтарма немесе төменгі жағына сырма қояды.

Мысалы, «Бэльтбег» деген сөзге «белсөмке» деп балама беруге болады. Берілген терминдерге Сіздің қандай ұсыныстарыңыз бар? Ұсыныстарыңызды төменге жазып кетіңіз

Итеғұлова Сая Ағанасқызы
  • Әрине, қазақшалауға болады. Тіпті, қазақшалауымыз қажет. Өйткені бұл заттар мен атаулар қазақы ұғымға жат емес. Мәселен, Бельтбэгті - белсөмке, Дастерді - шапан, Джоггеры (ағылш. jogging) атауын фонетикалық жағынан сындыра икемдеп Толығырақ ...жогиң, Кроссбодиді - баусөмке немесе иықсөмке, Треггинсы-ды сол ағылшындардың үлгісімен (trousers + leggings) калькалау тәсіліне салып шалгинсылар деп алуға болады. Ал сипатына қарап таршал (яғни тар шалбар) десе де болар еді.

  • Самат Азамат 2 жыл бұрын

    жогің дұрысырақ. Жалпы -ing қосымшасындағы і дыбысы дәл сол біздің і-мізге жақын. Сондықтан жогің, банкің, маркетің деп алған дұрыс

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.