"
Няня - әлдиші
Нянчить - әлдилеу
Аружан Аль-Айдар, Ai-kerim Qojahmet
  • Әрине, шама келгенше сөздерді қазақшалаған дұрыс-ау. Бірақ няня сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүрген күтуші сөзі өз қызметін толық атқарып жүр деген ойдамын. Ал Серік Ерғали әріптесіміз беріп отырған әлдиші сөзі Толығырақ ... бір қарағанда құлаққа әдемі естіледі. Десек те әлди деп көбіне емшек жасындағы баланы айтады. Бесік жасындағы баланы аналарымыз тал бесікке бөлеп, бесік жырын, басқаша айтқанда әлди айтқан айтқан. "Әлди айттым балаға, байлар қонар далаға, бөпешім үлкен болғанда, барар өзі қалаға..." түрінде келетін бесік жыры немесе әлдидің кең тараған үлгісі бар. Халқымыз 1 жасқа дейінгі баланы – шақалақ, әлди, нәресте, сәби, 1 жастан 2 жасқа дейін – бөпе, бөбек, 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін, 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса, 6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай деп атағаны халық ауыз әдебиетінен белгілі. Демек, әлди - балаға қойылған көп атаудың бірі ғана. Ал "няня" - балабақшадағы барлық бөлімде жұмыс істейді, кей отбасы балаларын түрлі жағдайларға байланысты балабақшаларға жібермей, "няня"-лардың қызметіне жүгінеді. Сондықтан "няня" сөзінің анық баламасының қызметін "әлдиші" сөзінен гөрі, сол қалыптасқан "күтуші" сөзі нақтырақ атқарып тұр.

  • Қазақша - орысша сөздікті қарар болсақ, нянчить [ˈnʲænʲt͡ɕɪtʲ] әлдилеу; әлпештеу; бағып-қағу; бала бағу; бала күту; мәпелеу
    нянчить внучат → немерелерін әлпештеу
    нянчить детей → бала бағу; бала қарау деп берілген. Нянчить сөзін Толығырақ ...бір ғана әлдилеу ұғымымен бере алмаймыз. Контекске байланысты жоғарыдағы аудармалардың кез келгенін өте тиімді қолдануға болады

  • Ai-kerim Qojahmet 3 жыл бұрын

    Әлдиші сөзі няняның қызметін ашып тұр. Келісемін.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.