"
осанка - еңсе
фигура - сымбат
фигурное катание - сымбаттай сырғанау
Eset Sagynai, Ai-kerim Qojahmet
  • Aldiyar Omirbayev 3 жыл бұрын

    Еңсе туловища ғой

  • Серік Ерғали 3 жыл бұрын

    Туловища: (часть тела человека или животного, не включающая голову и конечности) бәден; дене; кеуде; көкірек; тұлға
    мышца выпрямляющая туловище → тұлғаны тікейтетін бұлшықет
    туловище насекомого → жәндік Толығырақ ...тұлғасы депті. Туловищаның еңсеге ешбір қатысы жоқ.

  • осанка - еңсе, өте орынды. Халқымызда еңсеңді көтер, еңсеңді түсірме, еңсеңді тік ұста деген тіркестер бар. Фигура - сымбатыңыз да құптарлық. Абай атамыз "Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат" Толығырақ ...деп аражігін ашып берсе, ауызекі тілде сыр-сымбаты келіскен жан екен деген таңданыс қолданылады. Алайда фигурное катание - сымбаттай сырғанауыңызға келісе алмаймын. Мәнерлеп сырғанау қалпында қалғаны дұрыс. Өйткені "мәнер, мәнерлеу" сөзінің мағынасы кең. Мәнерлеп оқу - мәтінді барлық нақышын, мазмұнын, берер идеясын келтіріп оқу, сол сияқты мәнерлеп сырғанау жай жүйткіп шығу емес, іс әрекетті мәнермен орындау, нақышын келтіру. Мәнерлеп сырғанау жай сымбатын көрсету емес, сырғанау техникасын шебер меңгергендігін байқату, яғни сыр мен сымбаттың үйлесімін аңғарту.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.