"
14 авг. 2014 г. - Мұхамбедия АХМЕТ-ТӨРЕ, Астана медицина университетінің профессоры. ............................................................. ****МАМА сөзі адам баласы сөйлей білмейтін заманда пайда болған. Сәбидің ең тұңғыш дыбыс шығаруынан құралған. Еріндер түйісіп тұрғанда Толығырақ ...іштей «ыңыранса» «М» дыбысы шығады, ізінше еріндері ашылып кеткен сәтте «А» дыбысы естіледі. Екі дыбыс қосылып және қайталанса «МА», «МА» = «МАМА». Еріндері түйіспей тұрған жағдайда сәби «ыңырана» бастаса, тілдің көмекей жақ түбі таңдайға тиіп тұратындықтан «Ң» дыбысы шығады, ізінше аузын ашып жібергенде «А» дыбысы шығады. Сондықтан да жылап дыбыс шығарған сәбидің «әуені» «ҢӘ», қайталанғанда – «ҢӘ», «ҢӘ» шығады. Қазақтар сәбиді «іңгәлады», «іңгәлап» жылады дейді. Жә, бізге керегі «МАМА» сөзі ғой.... Орыс баласы «МАМА» дейді, ағылшын баласы «МЭММА», француз сәбиі «МАМАН», неміс баласы МАМА», кәріс баласы «ОММА», қытай сәбиі «МАМА» дейді. Шын мәнісінде – «ең тұңғыш СӨЗ» «МАМА»ны әр ұлт өз тілінің ерекшелігіне сай етіп баласының «аузына салып» өзгешелеу етіп жібереді. Көне латын тілінде «mamme» ЕМШЕК деген сөз. Қазақтың «мәмә» берейін дейтінін еске түсіріңіз. Тілі шыға бастаған бала «мәмә беш» дейтінін де білесіздер. Жалпы «МАМА» сөзін бүкіл әлемнің нәрестелері шығырған. Шығу механизмі -- оңай қайталанатын қосбуынды сөздер. Көз алдындағы ең жақынын, жанашырын көргенде сәбидің шығарған қосбуынды атау сөздері -- «А-ТА», «А-ПА», «ТӘ-ТӘ», «ДӘ-ДӘ», «Ә-КӘ», «Ә-КЕ», «КӨ-КЕ». т.с. с. Болып қалыптасып кеткен.... Мысалы грузин сәбиі «МАМА» десе – ол шешесі емес, Әкесін атағаны болып қалыптасқан. Сонымен «МАМА» сөзін орыстікі деп бас тартқызамыз десеңіздер өздеріңіз біліңіздер, «А-НА» сөзі тұр ғой.... **( #М.#Ахм.) қалай десеңіздер де, Авторлық пікірім )*
Жансая Торебаева
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.