"
***Орыс тілінде дерттің дамуын, ауырлық дәрежесін, патологиялық процестің ауқымдылығын, т.б. әртүрлі көріністерін сипаттайтын терминдер бар. Мысалы, «острое Толығырақ ...течение», «подострое течение», «затяжное», «хроническое», т.б. жіктелген атаулары бар. Медициналық терминдерді талдау барысында осы «острое заболевание» деген атауды қазақшалағанда «ҚАТТЫ ауру» деп аудару керек деген ұсыныс айтылды. «ЖІТІ» деуге болмайды дегендер болды. Мен білетін 50 жылдан бері «жіті гастрит», «жіті панкреатит» деген терминдер бұрыннан бар. Сенбейтіндер 40 жыл бұрын шыққан 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» (1979 ж. 4-том, 344 бет) ашсын. «Жіті» деген сөз патологиялық процестің «өткірлігін» де, тез басталуын да, ауқымдылығын да, тереңдігін де, ауырлығын да қамтитын анықтауыш сөз. «Қатты ауру» деген сөзтіркес қате, (ауру болезнь) , қатты диарея жоқ, «қатты» деген сөз субъективтік сезімді сипаттайды , мысалы, «қатты ауырсыну». Острый -- жіті, подострый -- жітілеу.
Орыс үшін көп нәрсе острый. Нож острый, игла острая, угол острый, красный перец острый, боль острая, заболевание острое , взгляд острый, ум острый, ситуация острая , т.т.с.с. ал қазақ үшін пышақ -- өткір, ине -- үшкір, бұрыш -- суйір, қызыл бұрыш -- ащы, ауырсыну -- қатты, ауру -- жіті, т.т.с.с. сөздерді өз орын-орнына қою керек.
Әділов Дастан, Арман Ораов, Жанарбек Әшімжан
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.