"
***Жалғау-жұрнақты негізгі түбір сөзге төте жалғау арқылы жаңа сөз туындату туралы «дөңгелек үстелдерде" де сөйлеп, мақала етіп жазып та, тіпті журналистермен ауызекі айтысып қызылкеңірдек болып та жүрміз... Мысалы, реттелмей келе Толығырақ ...жатқан қателер: - "ревматический -- ревматикалық", "анафилактический -- анафилактикалық", "бронхоэктатический -- бронхоэктатикалық" т.б. осылар тектес терминдердің түбіріне үңілмей әйтеуір "-лік", "-лық", "-дік", "-дық", "-тік", "-тықты" тықпалап жапсыра саламыз да, қазақша жасадық деп мәзбіз. Жоғарыда мысал ретінде берілген сөздердің түбірі -- "ревматизм", "анафилаксия", "бронхоэктазия" ғой... ойланайықшы, "теоретический" дегенді "теоретикалық" деп қазақшаламаймыз ғой. Тіл мамандарынан әлі күнге дейін "-ды" мен "-дық" қандай жағдайда, қайсысы жалғанатыны туралы сұрағыма жауап ала алмай жүрмін. Біздің қазақ үшін "электрон+ДЫ үкімет" пен "электрон+ДЫҚ үкімет" , "электрон+ДЫ оқулық" пен "электрон+ДЫҚ оқулық" -- "один чёрт". "Криминал+ды полиция" ма, әлде "криминал+дық полиция" ма ? ... Осындай қателерді жіберіп қоюдан "культурно" қашатын қазақтар "соткасын сылтауратып» әдейі орыс әріптерімен жаза береді-ау деймін... Қазіргі қазақша жазылымның, оқылымның, айтылымның ауруға шалдығып үдеп бара жатқанын тоқтататын «лингвистическая супервакцина» керек шығар.
=Мухамбедия=
Алибек Айтжан, Жанарбек Әшімжан, Rymbek Izgali
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.