"
«Қазақы терминдерді халық жасайды» онлайн-байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 1-18 сәуір аралығында «Қазақы терминдерді халық жасайды» Толығырақ ...республикалық онлайн-байқауын өткізді.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 14 талапкер қатысты.
Байқауға қатысушылар бірінші кезеңде (1-5 сәуір аралығы) өз шығармашылығындағы 5-10 терминді қазылардың, халықтың назарына ұсынды. Терминком.кз сайтында және әлеуметтік желіде көпшіліктің дауыс беруі және қазылар алқасының шешімімен 5 қатысушысы келесі кезеңге өтті. Екінші айналымда (7-12 сәуір аралығы) қатысушыларға 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылды. Бұл кезең қорытындысы бойынша Серік Ерғали, Нұрлан Шүленбаев, Ақылбек Шаяхмет қорытынды кезеңге жолдама алды. Үшінші кезеңде (13-18 сәуір аралығы) қатысушылар мәтін ішіндегі шеттілдік салалық терминдердің қазақша баламасын жасады.
Байқау шартына сай қазылар шешімімен Серік Ерғали 1-орынды, Нұрлан Шүленбаев 2-орынды, Ақылбек Шаяхмет 3-орынды иеленді.
Онлайн марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Н.Дәуешов қатысып, жеңімпаздарға құттықтады.
Шара барысында байқаудың екінші кезеңінде белсенділік танытқан талапкерлерге де министрдің арнайы алғысхаты табысталды.
Жанмурат Аймөлдир, Марал Уразгалиева, Bakhytzhamal Esimseit және 3
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.