Қошмұхамбет [Қошке] Кемеңгерұлы (15 шілде1896 жыл – 21 қараша 1937) – алаш қайраткері, қазақ тіл білімінің дамуына айрықша еңбек сіңірген ғалым, драматург, жазушы, журналист. Мәскеудегі “Күншығыс” баспасынан оның редакторлығымен “Қазақша-орысша тілмаш” (1925), оқыған лекцияларының негізінде дайындалған «Қазақ тілінің грамматикасы»(1927) және 2 кітаптан тұратын қазақ тілінен “Жабыропалықтар үшін оқу құралы” (1928, 1929) жарық көрді. Ол қазақтың химия терминдерін алғаш жасаған, термин жайлы арнайы мақалалар жазған ғалым. Ғалымның редакторлығымен жарық көрген “Қазақша-орысша тілмашта” түрлі ғылым салаларына қатысты қазақша жасалған көптеген терминдер қамтылды.