Қазақ терминографиясының жүйесі

Кітап авторы: Ербол Әбдірәсілов
Кітап жайлы мәлімет: Қазақ терминографиясының жүйесі. - Астана, 2005. - 208 б.
ISBN: 9965-23-108-7

Монографияда қазақ терминографиясының құрылымдық, жүйелік
мәселелері қарастырылады. Лексикография мен терминологияның
аралығынан шығып, терминологиялық сөздіктердің құрылымы мен
жүйесін, терминологиялық сөздік жасау мәселелерін қарастыратын сала
ретіндегі қазақ терминографиясын қалыптастырудың негізділігі
дәлелденіп, оның зерттеу нысаны болып табылатын негізгі мәселелер
талданады. Терминологиялық сөздіктерді шығаруға қойылатын талаптар
мен тәжірибелік қазақ терминографиясының тарихы сөз болады.
Жұмыс салалық ғылымдар терминологиясын зерттеушілерге, олардың
терминологиялық создіктерін құрастырушыларға, тіл мамандарына,
терминографияның теориясы мен тәжірибесі, тарихы қызықтыратын
көпшілік қауымға арналған.