Қазақ терминологиясы

Кітап авторы: Шерубай Құрманбайұлы
Кітап жайлы мәлімет: Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. Алматы: «Сардар», 2014. ....б. - 952 бет.
ISBN: 978-601 – 7174- 35- 4

Бұл кітапқа ғалымның «Қазақ лексикасының терминденуі», «Қазақ
терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары», «Алаш және терминтану (ХХ
ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы)» атты монографиялары мен
«Терминтанушы құралы» атты оқулық-сөздігі және қазақ терминологиясының бір
ғасырдан астам уақыт аралығындағы зерттелуін көрсететін «Терминологиялық
әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші» атты еңбектері еніп отыр.
Кітап тіл мамандарына, терминтанушы ғалымдарға, арнаулы сала
мамандарына, жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің
студенттеріне, терминологиялық жұмыстарды үйлестірушілерге, термин және
терминология мәселелері, қазақ терминологиясының даму, қалыптасу кезеңдері
қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.