ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТЕРМИН ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТЕРМИН ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Франциядағы төңкерістен (1789-1799) кейін термин мәселесіне байланысты  жаңа пікірлер мен тұжырымдамалар (концепциялар) пайда болды. Осы кезеңнен  бастап, ұлтшылдық арқылы терминдер пайда болып, франциялықтар мемлекет, туған жер, ұлт және тағы да басқа ұғымдарға көзқарастарын өзгерте бастады. Осыған орай, терминдердің мағыналары да жаңаша сипат алды.

Мысалы,  ұлт терминінің әртүрлі тілдегі қолданысын қарастырайық:

  • Ағылшынша nation
  • французша nation
  • алманша Nation, Volk
  • орысша natsiya
  • венгерше мажар nemzet
  • араб-парсы-түрік millät
  • түрік millet (various meanings), ulus
  • қазақ ult

Көп ғалымдардың пікірінше, Франциядағы революциядан бастап, сол заманда ұлт концепциясы пайда болып, осы концепцияға сәйкес адам енді дініне емес, патшасына қарап өз-өзін тани бастады. Бір ұлтқа байланысты (мысалы: франçаис ‘француз’) азаматтар арасында ортақ ұлттың бір аты шықты, француздар деген ұлттың ортақ тарихы пайда болып, бәрі түбі бір туыстар сияқты жақсы мемлекеттік жер қалыптастырылды, мемлекеттің тууына орай патриоттық сезім т.б. өмірге келді. Сол жаңа концепция арқылы nation сөзінің мағынасы да өзгерді. Ағылшын және француз тілінде бір сөз қолданылса, неміс тілінде латын тілінен алынған Nation сөзін де, немісше Volk сөзін де пайдалануға болады. Орыс тілінде латын тіліндегі нацияны пайдаланады да, венгер тілінде соны немзет сөзі арқылы білдіреді.

Түркі тілдердегі millat сөзі парсы тілі арқылы араб тілінен кірген. Ресей им периясында ХІХ ғасырдың басындағы millat сөзі көбірек мұсылмандар мағынасына тура келетін еді. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында millat сөзін басқаша қолдану басталды, әсіресе бірінші болып татарларды айтуға болады. Түрік тілінде де миллет кейде діни группа үшін (әсіресе 19 ғасырда Осман  империясында), кейде түрік ұлты үшін қолданылды, кейін ұлыс сөзін қолдана  бастады. Қазақ тіліндегі ұлт сөзі бұл концепцияны бөлек сөзбен түсіндіріп береді (Ұлыс, ұлт негізінен ескі түркі немесе монғол тілдеріне байланысты). Екінші, атамекенконцепциясына назар аударайық:

  • Ағылшынша homeland
  • французша patrie
  • немісше Vaterland
  • орысша rodina, otechestvo
  • венгерше haza
  • түрікше vatan (< Arabic>
  • қазақша otan, atameken

«Атамекен» концепциясын ұлт концепциясынан ажыратуға болмайды, себебі ұлт тек қана бір ауылға тиесілі емес, ал атамекен – бүкіл бір ұлттың ортақ мекені. АҚШ-та ағылшын тілінде homeland сөзін көп қолданбайтын, бірақ 2001 жылғы 11 қыркүйек  оқиғасынан кейін «Department of Homeland Security» деген министрлік құрылып, бұл сөз жиі қолданыла бастады. Дегенмен көп американдықтарға  бұл ұғым әлі де жат, олар сондай терминге үйренген жоқ. Ағылшын тіліндегі homeland, орыс тіліндегі родина және венгер тіліндегі «хаза» бір ұғымды білдірмейді, бірақ француз тіліндегі patrie неміс тіліндегі vaterland, орыс тіліндегі отечество туған ел, отан мағынасын беріп, түрік тіліндегі anaurt şеşе-ні білдіреді.

ХІХ ғасырда түрік тіліне араб тілінен енген ватан сөзін қолданғанда, ұлт шылдық сезімді толық бермеді, тек қана туған жерді білдірді. Мысалы Намик Кемал 1872 жылы жазған «Ватан язут Силистре» атты драмасында сондай ауқым жоқ еді деп айтуға болады. Тек қана Түркияда ұлтшылдық пайда болған соң ватан сөзіне туған топырақ мағынасы қосылды. Қазақ тіліндегі отан сөзі түрік  тіліндегі ватан сөзімен бір және жанындағы атамекен – мүмкін орыс тіліндегі  отечество немесе неміс тіліндегі «Ватерланд»сөзінің калькасы.

Үшінші«мемлекет» концепциясын алсақ, ағылшын, француз және неміс тілдері соңғы терминді латын тілінен алған. Венгер тілі соны аударып береді. Орыс тіліндегі нұсқа государ яғни патша сөзінен алады. Түрік тіліндегі девлетараб тілінен кірген, бірақ ескі араб тілінде де patrie, көбірек үкіметті емес, байлық пен беделді түсіндіріп берген. Қазақ тіліндегі мемлекет те араб тілінен келеді, бірақ «мамлака» көбірек бір үкімет үшін емес, бір ел үшін қолданылған.

Енді көршілес мемлекеттер арасындағы терминдерге тоқталайық. Ол көрші мемлекеттердің қарым-қатынасы кімдердің арасында болғанына байланысты  (халықтар, мемлекеттер, ұлттар арасында тағы басқа жағдайлар).

  • Ағылшыншаinternational
  • французшаinternational
  • немісшеinternational
  • орысшаmezhdunarodny
  • венгершеnemzetközi
  • түрікшеbeynelmilel, milletlerarası, uluslararası
  • қазақшаxalıqaralıq

Латын тілінен алынған international көбірек nation яғни мемлекеттер арасында (бірақ кейін nation ұлт болып қалды!), венгер тілі сондай анық көрсетеді. Орыс тіліндегі нұсқа халықтар арасы деп көрсетеді және қазақ тіліндегі термин соның калькасы болған. Түрік тіліне келгенде ескіден beynelmilel термин де араб тілінен алынған (араб тілінде bayna ‘арасында’ + милал ‘милла [köpşilik]). Мемлекеттер арасындағы қауіпсіздік мәселесіне байланысты қолданылатын термин:

  • Ағылшыншаsecurity
  • французшаsecurité
  • немісшеSicherheit
  • орысшаbezopasnost
  • венгершеbiztonság
  • түрікшеemniyet (
  • қазақшаqauipsizdik (< R>

Ағылшын және француз тілдерінде латын тілінен алынған арнайы сөз бар, ал неміс және венгер тілдерінде де сол мағынаны білдіретін балама аудармасы болса, орыс тіліндебезопасность термині қолданылады, қазақ тіліндегі қауіпсіздік те соны түсіндіріп береді (қауіп сөзінің өзі араб тіліндегі xawf-тан келеді). Түрік тіліндегі emniyet, араб тілінен енген güvenlik ағылшын, француз, неміс және вен гер тілдері сияқты болғандығын көрсетеді.

Демократия арқылы пайда болған терминдер туралы сөз қозғасақ, еркіндік немесе бостандықты түсіндіріп беру үшін ағылшын тілінде екі түрлі сөз бар: бірі француз тілінен ағылшын тіліне енген (liberty), екіншісі ағылшын тілінің өзінен (freedom) алынған. Әлем тарихында адам құқығының өзгерісіне байланысты соңғы 250 жылда орыс, венгер, түрік, қазақ тілдеріндегі сөздің аудармасы өзгерген:

  • Ағылшынша liberty, freedom
  • французша liberté
  • орысша Freiheit
  • Russian svoboda
  • венгерше szabadság
  • түрікше hürriyet (
  • қазақша erkindik, bostandıq

Заманауи техникаға байланысты пайда болған терминдер грек тіліне сүйеніп жаңа атауларға ие болды:

  • Ағылшынша telegraph
  • французша télégraphe
  • немісше Telegraph
  • орысша telegraf
  • венгерше távíró
  • түрікше telgraf
  • қазақша telegraf
  • арабша barqīya

Көп жағдайда Еуропа тілдері телеграф сөзін грек тілінен алды, ал венгер тілінде аудармасы қолданылды: távíró ‘alıs + zhazğan’. Араб тілі телеграфты barqīya ‘elektr + dıq’ арқылы түсіндіріп береді. Телефонсөзі:

  • Ағылшынша telephone
  • французша téléphone
  • немісше Fernsprecher, Telefon
  • орысша telefon
  • венгерше távbeszélő, telefon
  • түрікше telefon
  • қазақша telefon (biraq: qonğırau?)
  • арабша hātif деп берілген.

Телефондынеміс тілі де, венгер тілі де оны «алыс сөйлескен» деп аударып береді. Араб әдеби тілі телефонды ‘айқайлаған’ арқылы түсіндіріп береді. Әлем тілдерінің көбінде ағылшын тіліндегі radio және television немесе соған ұқсас бір форма қолданылады (әрине қытай тілі айтарлық бәріне өз сөзін қосады). Бірақ қазақ тілінде television үшін teledidar қолданылады және ағылшын тіліндегіvideo cassette үшін beynetaspa сөзі қолданылады. Теледидардағы –didarжәне бейнетаспадағы beyne- екеуі де парсы тілінен келеді.

Компьютер арқылы пайда болған терминдер барлық елдерде қолданысқа еніп жатыр. Жаңа цифрлық технологиялар бізге күн сайын жаңа сөздерді ұсынады.

  • Ағылшынша computer
  • французша ordinateur
  • немісше Computer
  • орысша kompyuter
  • венгерше számítógép
  • түрікше bilgisayar
  • қазақша kompyuter

Ағылшын тіліндегі computer сөзі (этимологиясы латын тілінен) кейбір тілде аударылып беріледі, мысалы француз тіліндегі ordinateur «тізбеге салған», венгер тіліндегі тіліндегі számítógép «санаған + aппарат» және түрік тіліндегі em>bilgisayar«дата + санаған».

Датаны (уақытты) немесе ақпаратты жаздырып сақтау үшін бәрімізге мәлім бір құралды мысалға алайық:

  • Ағылшынша hard disk, hard drive
  • французша disque dur
  • немісше Festplatte
  • орысша zhestkiy disk
  • венгерше merevlemez
  • түрікше hard disk, hard sürücü, sabit disk, sabit sürücü, sabit disk sürücüsü
  • қазақша qatqıl disk

Ағылшын тіліндегі hard disk француз, неміс, венгер, түрік және қазақ тілдеріне аударылған. Email, memory, printer сияқты сөздер де көп тілде түрліше аударылған. Internet үшін қазақ тілінде ğalamtor термині қолданылады, дегенменғалам сөзінің өзі араб тілінен (‘ālam ‘düniye’) алынған.

Қазақ тілін реформалау туралы сөз болғанда, Осман империясы мен Түркиядағы тілді дамыту мен реформалауға тоқталып, Түркиядағы алғашқы қадамдарды еске алу дұрыс болар еді. Бірінші болып Осман империясындағы “Servet-i fünun” ағымын (1860ден кейін) еске алу керек. Басында Tevfik Fikret және кейін Halit Ziya Uşaklıgil болған осы ағым Еуропа әдебиетінің ықпалында болып, түрік әдебиетіне, тілге, оның термин саласына көп жаңалық енгізді. Сондай-ақ, көркемөнерге баса назар аударылып, көп жаңа терминдер жасалды. Бұл уақытта көп терминді араб тілінен алған сияқты, бірақ араб тілінің сөздіктерінде  ол сөздер табылмады. Демек араб түбірлеріне жақын Еуропа тілдеріндегі жаңа  концепцияларды аудару үшін көп неологизм жасалды. (Әрине соны неміс және венгер тілдерінде де көреміз, бірақ “Servet-i fünun” ағымы қолданған тілде алу  өте қиын еді.) Осы кезеңде әлде де араб графикасы қолданылатын еді.

Содан кейін, Түркия Республикасы құрылған соң Мустафа Кемал Ататүрік тіпті, басқа бір жолмен, араб графикасы орнына латын графикасын енгізу жолымен тіл мәселесін шешкісі келді. Оның ұсынысы нәтижесінде тіл бойынша бір комиссия құрылып, 1928 Түркия Парламенті осы мәселе бойынша жаңа заң қабылдады. Араб тілінде оқу, жазуды үйрену қиын деп латын графикасына көшу  керектігі айтылды. Алғашында латын графикасына көшу үшін 5 жылдық мерзім беріліп, Ататүрк оны 3 айға қысқартты. Алдымен түрік тілінде араб және парсы тілінен алынған көп сөздер шығарылды. Ең басында тіл халықтың тіліне жақы нырақ келді, бірақ кейін арабша-парсыша сөздердің орнына көп жаңа сөзді аптасайын, ай сайын шығарып газеттерде жариялады; кейбір сөздер қабылданды, бірақ кейбір сөздер халық арасында қабылданбады. Кейбір жұрнақты Сибириядағы түркі тілдерінен алып ескіден қалған сөздерге қосты (мысалы –sal/ –selжұрнағын араб тілінен алынған siyaset, tarih сөздерінен жасалған сын есімдер  siyasi, tarihi болып қалмады, siyasal, tarihsel формаларына өзгертілді). Сондай  көп жаңа сөз енгізілген соң, түрік әдеби тілі халық сөйлескен тілден қайтадан  алыс болып қалды. Тіл мәселелері саясатқа араласып кетті: 1970-ыншы жылдарда марксистер жаңа сөздерді, оларға қарсы болғандар ескі сөздерді қолданды.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі бойынша мәселені қазақ халқы өзі шешуі керек. Халықаралық терминдерді қолдану дұрыс па, орыс тілінен кірген терминдерді  қолдану дұрыс па? Екеуі де мүмкін. (Ағылшын халқындағы: «Жаңа дос – күміс,  ал ескі дос – алтын» дегендей, орыс тілінен келген терминдерді алып тастауға  қарсы емеспін, бірақ соның да өз бағасы бар). Мүмкін болғанша терминдерді (Алаш зиялыларының пікірінше) қазақ тіліне аудару дұрыс па? Немістер, венгерлер солай жасаған, бірақ онда олардың тілдерін үйрену тағы да қиын болады. Қазақ тіліне аударғанда да, ортақ бір түркі терминологияны жасау мүмкін бе? Грамматика бойынша терминдерге көз салсақ, түркі тілдердегі терминдер кейде бір-біріне тіпті ұқсамайды. Сондықтан бұл да ойлануды керек етеді.

Қорыта айтқанда, жоғарыда айтқандай, қазақ тілінде және көп басқа түркі тілдерінде араб және парсы тілдерінен алынған термин сөздер өте көп. Сол тарихи қордан пайдалану қазақ тілі үшін дұрыс болар еді.