Терминжасамдағы транлитерация мәселесі

Терминжасамдағы транлитерация мәселесі

Түйіндеме: Аталмыш мақалада халықаралық терминдердің қазақ тіліне транслитерациялау мәселелері қарастырылады

Резюме: В данной статье рассматривается вопросы транслитерации международных терминов казахском языке.

Resume: This article deals with the issues of transliteration of international terms in the Kazakh language.

Ключевые слова:транлитерация, термин, перевод,транскрипция

Keyword hints: transliteration, term, transcript, transcript

Тіл білімінде транскрипция, транслитерация деген ұғым бар. Біріншісінің мәні – (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланылатын шартты белгі. Жазуда бір фонема түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол бір таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Бір әріп ыңғайына қарай түрлі фонемаларды белгілесе, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Транскрипция екіге бөлінеді:

фонематикалық (фонологиялық);

Фонематикалық транскрипция. Транскрипция сөздердің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермей, тек фонемаларды жазады, дыбыстар сөздің айтылуына жуықтап беріледі. Мысалы, ору [орұу], қи [қый], шикі [шійкі].

фонетикалық.

Фонетикалық транскрипция. Транскрипцияда сөздердің айтылуындағы дыбысталу ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі: қазан қап [Қазаңғап], ортан бел [ортамбел], сейсенбі [сейсембі]. Әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындауда фонематикалық транскрипция жұмсалса, ал фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді түгел көрсету үшін қолданылады. Оқу барысында көбіне фонематикалық транскрипцияға жүгінуге тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас мәтінді айтылуына біршама жуықтатып жазу қажеттігі туындайды. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтар, көрші дыбыстардың бір-біріне әсері ескеріліп отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш тіпті онан да көп дыбыстарды құрайды: у – ұу-ұшу [ұшұу], үу- жүру [жүрүу]; и – ый- сиқыр [сыйқыр]; ю – йұу-құю [құйұу], т.б.[1]

Транслитера́ция – бір жазу түрінің өзге жазу таңбаларымен берілуі[1], онда жазудың бір системасындағы әрбір таңба (немесе таңбалар тізбесі) жазудың өзге системасындағы  таңбамен (немесе таңбалар тізбегімен)  беріледі. Мысалы, ор-қаз. технология (ағ. technology) – латындық емес жазу түріне транслитерацияланған.

Графикалық транслитерациялаудың төрт типі қолданылуы мүмкін:

  1. бір таңбаны бір таңбамен;
  2. бір таңбаны таңбалар тізбегімен (диграфпен);
  3. бірнеше таңба тізбегін бір таңбамен;
  4. бірнеше таңба тізбегін бірнеше таңба тізбегімен.

Транслитерацияның қажеттілігі ХІХ ғасырдың соңында пруссиялық ғылыми кітапханаларды жасақтағанда түрлі қаріптермен және түрлі системадағы тілдерде жазылған еңбектерді ортақ каталогқа енгізу үшін туындаған. Кітапханалар қажеттілігі үшін жасалған транслитерация жөніндегі нұсқаулық ХХ ғасырда латындық емес жүйелердегі сөздерді (терминдерді, кітап атауларын) латындық жүйеге аудару үшін басты стандарт ретінде қолданылды [2].

Латындық жүйеге ауысудың негізгі артықшылықтарының өзі де  сол жүйедегі тілдерді оңай меңгеруге ұмтылу болып табылғандықтан да, біз латындық жүйеден енген,  еніп жатқан сөздерді, әсіресе терминдік мәндегі сөздерді бұрынғыдай орыс тілі арқылы емес, тікелей транслитерациялау қажет деп ойлаймыз.

  1. 1.Гамбәге- hamburger ['hambə:ɡə]
  2. физик- physics [ˈfɪzɪks ]
  3. медешін-medicine [ˈmedsn ]
  4. инәбезин- innovation[ ˌɪn.əˈveɪ.ʃən ]
  5. кірәйзис-Crisis ['kraɪsɪs] ]п
  6. техноложій-technology [ tekˈnɒlədʒi ]
  7. кәрәктә-character [ ˈkærəktə(r)]
  8. транскрипшн-Transcription [træn'skrɪpʃn] ], т.т.

Транслитерацияның транскрипциядан айырмашылығы төмендегідей:

Тілдегі дыбыстарды мейлінше дәл беруге негізделген транскрипцияға қарағанда транслитерация, осы терминнің өзі көрсеткендей  (лат. litera - әріп), тілдің жазбаша түріне қатысты болады: белгілі бір әліпбимен жазылған мәтін қандай да бір өзге жүйедегі әліпби қаріптерімен беріледі. Бұл жағдайда әдетте екі әліпбидің сәйкес әріптері қолданылады да, одан тыс дыбыстар есепке алынбайды. Орыс тілі арқылы енгенде өзге тілдердегі орыс тіліне тән емес дыбыстар шығып қалады, ал ол дыбыстардың көп жағдайларда қазақ тілінде жақын, кейде дәл келетін баламалары бар. Қазіргі таңда әлемде көп қолданылатын ағылшын тілінен тілімізге көптеген сөздер енуде, олардың барлығы орыс тілі арқылы еніп келеді. Қазақ тіліне аударуды қажет етпейтін халықаралық сөздер (терминдер) ағылшын тілінен тікелей транслитерациялануы тиіс деп ойлаймыз. Ал тіліміздің үндестік заңына сәйкес келмейтін кей шет сөздерін «быт-шытын шығарып, тілімізге ыңғайлап» қайта құрастырып алуымыз керек пе деген де ой келеді. Мәселен кісі есімдеріне байланысты экзотизмдер қазіргі таңда қаптап кетті. Мысал ретінде біріккен түбірлі кісі есімдерін бөлек жазу (Сейітқасым/Сейіт Қасым), жат жұрттық есімдер қою (Адина, Айлин, Сивиетта,т.т) (жат жұрттық есімдердің кейде дінімізге жат сипаттары да бар), т.т. қолданыстар көбейіп барады. Қазіргі таңда қолданыста бар тірі тілдерді транслитерациялау кезінде компромиске бару орын алған. Кей жағдайда жағдайда ол сол тілден тіпті алшақтатып жібереді. [3]

Қазіргі таңда терминжасам мәселелері туралы айтқанда біз тірек материал ретінде көп жағдайда орыс тіл біліміндегі қалыптасқан заңдылықтарға сүйеніп келеміз. Мысалдарымыз да орыс тіліндегі баламаларымен салыстырылып беріледі. Содан да болар, елімізде қабылданып жатқан заңдар, нормативтік актілердің барлығы дерлік орыс тілінен калка түрінде аударылған. Мәселен, Ішкі істер басқармасы қызметкерлері қамауға алмайды. Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен қамауға алынады, қазақтың желінген еті сияқты. Терминжасам мәселесінде де біз термин жасаған тілден тікелей емес, көбінесе орыс тілі арқылы аламыз. 30-жылдары латын әліпбиі негізіндегі жазу емлесінде терминдеріміз түпнұсқаға жақындау болды. Термин түзу мен емле мәселесін біріздендіру бірге жүргізілу қажет деп ойлаймыз. Сөздерді бірге жазу, сөздерді тіркестіру арқылы жасалған терминдердің барлығы дерлік орыс тілінің термин жасау үрдісімен, сол жолмен жүріп келеді

Әдебиеттер:

1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

2. Суперанская А.В. Транслитерация//Лингвистический энциклопедический словарь/М.:Советская энциклопедия, 1990

3. М.И. Матусевич. Введение в общую фонетику. — М., 1941. — С. 106.Л.Р. Зиндер. Общая фонетика. — М., 1979. — С. 297

Боранбай Болат Елтайұлы

(Қорқыт ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы) Bolat_boranbay@mail.ru