Қазақ–қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы

Қазақ–қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы

Тілімізге жат сөздер екі жақтан кіріп жатыр. Бірі – араб, парсы сөздері, ордаға оқығандар арқылы.

Араб-парсы сөздері біздің тілімзге дінмен бірге кіре бастады. Молдалар қаншама дін сөздерін дұрыс айтқанымыз деп, (тіл) бұраса де ел болмады. Жат сөздерді өзінше айтып, тілдің заңына ылайықтап қолданатын болады. Дін тілімізді бұза алмады. Бұған себеп көшпелі салтымыз һәм елге тым кәдірді болған орасан бай ауыз әдебиетіміз. Көшпелі елге жазу-сызу оңайлықпен таралмады. Жазба әдебиет жоқтық бізді сақтады.

Жазба сөз қазақ арасында он тоғызыншы әсірдің екінші бөлімінде пайда болды десе болады. Онан бұрынғы есепке алынбайды. Жазба сөз бір жағынан Қазаннан, бір жағынан Бұхардан келді. Араб-парсы сөздерінің көбі осы көршілер арқылы келді.

Қазақтың балалары ноғай, сарт мектеп – медреселерінде оқитын болды. Медіреселерде араб-парсы сөздерін өзгертіп айту зор күнәге есептелетін еді. Молдалар қазақ арасында араб-парсы сөздерін бұлжытпай айтуды жазу арқылы үйрете бастады, ана тілін бұзып, ноғайшылап, сартышлап сөйлеуді , жазуды шығарды.

Он тоғызыншы әсірдің екінші бөлімінде қазақ елі отырықшы бола бастады да өзара араласуы кеміді. Көршілес отырған «адабияты» бір ноғай сарттардың тілі отырықшы елдің арасында жайыла бастады. Осы ағайындар арқылы бірқатар парсы – араб сөздері өзгермейінше тілімізге кіре бастады.

Көп қазаққа «шатақ» тілдің әсері жарытып тиген жоқ. Шатақ тілден сақтаған: 1) көшпелі салтымыз, 2) бай, ауызша айтылып жүрген ел әдебиеті , 3) Ыбырай Алтынсарин һәм Абай Құнанбайұлы сияқты шын тіл қамқоры болған нағыз әдебиет тіліне жол салған оқымысты жігіттеріміз.

Дегенмен «ноғай-сарт дәуірі» босқа кеткен жоқ. Қазақтың шын әдебиет тілі түзелгенде де ноғайдың, сарттың мектеп медреселерінде оқыған жігіттерімізідің көбі араб - парсы сөздерін өздері үйренген жалған жолмен жүргізе берді.

Басқа оқығандарымыз бұлардың соңынан ере бастады. Сондықтанда соңғы заманда пайда болған қазақтың ұлт мектеп –медіреселері үшін жазылған құралдарда, оқу үшін жазылған кітаптарда көркем һәм білім әдебиеттерінде сингормонизм заңына ылайықсыз болып жаңылыс жазылған жат сөздер өте көп ұшарай бастады. Газет – журналдарымыздың беттерін қарасақ, жаңылыс жазылған жат сөздермен толулы.

Кімнің қай орында қате жазғанын түстеп жатудың керегі жоқ. Мұндай қателер жазушылардың бәрінде де бар.

Үлгі үшін осы күнде жаңылыс жазылып жүрген араб,парсы сөздерін сингормонизм жолымын дұрыс жазып көрсетеміз. Хүрмет (үрмет) , хәсірет, Хамид, Ахымед, рахымет, хажет, (әжет), хатер, хәзірет (әзірет), Мұхамбет, бет –пақ, хадыс (хәдіс) , Әли, пәрмен, Орымбет, (Ор -мәмбет), көрек (хөрек), хәсіне , міорман (мейірман), мійман (мейман) , ытипақ тағдыр, құдыс. Мирас, мұғалым.

Көрсетілген сөздерде жақшаның ішіне қойылған түрлерінде қылып жазса да қате болмайды.

Жіңішке айтылған сөздердің жалғаулары да жіңішке, жуан айтылған сөздердің жалғаулары да жуан болып қосылуы керек.

Тағдырге, мұғалымге, мейманге деп айту –сызу жаңылыс. Кейбір араб, парсы сөздерінен екі түрлі айтуға болады. Ғылым –ғылымға, ілім –ілімге, ғалым-ғалымға, әлім –әлімге, ғұмыр –ғұмырға, өмір –өмірге. Бұндай айтылудан тілімізге келетін зиян жоқ. Тек жалғауларын ұйқастыру керек.

Сингормонизм заңына келмейтін болып тұрған сөздер бар . Арабтың Махмуд деге сөзіне қазақ Мәмбет, Мұхамбет, Махамбет, Мағамбет деп өзгертпеді. Мәмбет сингормонизмге толық келеді. Мағамбет сингормонизмге қарсы. Қазақ тіліне кірген араб –парсы сөздерін терген қарасақ бір бөлек сингормонизмге шалалау көнген я көнбейтін сөздер ұшырайды. Бұлар тілге ықтиярсыз кіргізілген, бұзып айтылуына қарсылықты көп көрген, тілді бұрып алғашқы қалыбында сөйленуіне, жазылуына көп еңбек сіңірілген сөздер. Бұларды қазақ тіліне сіңіп болды деуге болмайды. Бұлар шала сіңген сөздер. Жаттығын білдіретін бұларды тілге әбден сіңіріп жіберу әдебиет тілінің міндеті.

Тіліміздің байытайын деп тұрған екінші түрлі жат сөздер Ауропа сөздері, бұл сөздердің жаңғыз жарымы болмаса, елге сіңгені жоқ. Бұларды қолданып, елге ықтиярсыз кіргізейін деп тұрған әдебиет тіліміз. Ауропа сөздері соңғы заманда әдебиет тілімізге жапа –тармағай кіріп жатыр. Сондықтан бұлар туралы да біраз ғана айтпақшымыз.

Ауропа тілдері бірнеше топқа бөлінеді. Бізге керегі мына үшеуі: 1) роман тілдері, 2) гермен тілдері, 3 ) ислабиан тілдері. Бірінші топқа француз, ителиен, һіспаниа, романина тағы басқа тіл кіреді.

Гермен тобына: неміс, норбекие, шибетсие, даниа, тілі кіреді. Ағылшын тілі неміс тіліне жақын, гермен тілі мен франсоз тілінің араласуынан пайда болған.

Ислабиан тобына: орыс, хахол, пәлек, былғар, серб тілі кіреді. Әр топтың ішіндегі тілдің бір- біріне жақындығы біздің түрік тілдерінің (ноғай, қазақ, қырғыз, өзбек , түрікпен, оспан) жақындағандай.

Әр топтың бір –бірінен айырмасы түрік тілінің манғұл я фин тілінен айырмасындай.

Аурупа жұрттарының ғылым тілі қылып алаған тілі -латын тілі. Латын тілінде бұл күнде сөйлейтін ел жоқ. Латын тілінде бұрынғы заманда рұм халқы сөйлеген. Рұмдардардың тұқымдары бұл күндері ителиендер мен романдар.

Латын тілінде сөйлеу я кітап жазу іберден бірге қалып баратса да, сонда да Ауропа ғылымындағы атаулардың (терминдердің ) бәрі латын латында.

Латын тіліндегі терминдерді ешкім қалдыруға ниет қылған жоқ, қалдыруға қолдан да келмейді. Ғылым ұлғайған сайын латын терминдері де ұлғайып барады.

Аурупа жұрты латын сөздерін термин қылып бұлжытпай алып отырған жоқ, әр сөзді әркім өз тілінде бейімдеп өзгертіп қолданып жүр, сөзді өзгерткендер әрқайсысы өз тілдерінің заңымен өзгертеді. Мысал үшін бір азғана үлгі келтірелік.

Латының портсио (порцио) деген сөзін неміс порсион (портцион), орыс портсио (порция) деп қолданады.

Латынның Пилантатсио (плантатсио) деген сөзін франсоз пилантаж (плантаж), орыс пилантатсиа (плантатсия) деп қолданады.

Латынның пробиндент (провидент) , францоз пробинданс (провиданс) , орыс пробинденна (провидения) деп қолданады.

Осындай көп үлгілер келтіруге болады.

Роман (латын), герман тілдерінде шолақ «у», «һ», «е» дыбыстары бар , орыс тілінде мұндай дыбыстар жоқ, сондықтан орыстар шолақ «у» дыбысын «в» дыбысымен, «һ» деген дыбысты «г» я «и» деген дыбыстарымен сөйлейді.

Біздің қазақ –қырғыздар ішінде Аурупа тілдерін жақсы білетініміз аз , көбіне білмейміз. Ауропа тілдері біздерге орыс тілі арқылы жалғасады. Сондықтан ауропа сөздерінің орыстың айтуынша қолданып жүрміз. Бұл дұрыс емес. Ауропа сөзін асылы нұсқасын алып өзгертіп қолдану керек.

Орыстың айтуы Аурупаның айтуынан қандай айыратынан төменгі үлгілерден байқауға болады. Латын сөздерін қазақша жазып, орыстың айтуын орысша жазып көрсетеміз.

Аудиориұм (аудитория) , аутор (автор), аурора (аврора) , аутономия (автономия) , аутомобилиұс (автомобиль) , Данаус (Данай) , һиспание (испания), һисториа (истроия), һелена (Елена), құуадратус (квадрат) ,

һипнозис (гипноз) , һуманитұус (гуманный), һоризонт (горизонт), һигиена (гигиена),һиимн (гимн), һолланд (Голландия), Уилһелм (Вильгельм), Гермен (Герман),Уиена (Вена), тағы тағылар.

Ауропа сөздерін ала қалсақ, біздің білуімізше мынандай жолмен алу керек.

1) Ауропа сөздерін алғанда, сөзді қазақ –қырғыз тілінің заңымен өзгертіп, сіңуге қолайлап алу керек. Ауропа тілінен бізге әсері көп тиетін тіл орыс тілі, орыс сөздері ықтиярсыз қолдануға керек болатын дәуірде тұрмыз. Сондықтанда орыс сөздерін қолданғанда өте сақтық керек.

2) Күнбатыс ауропа сөздерін алғанда түбін тексеріп, шамадан келгенінше сөзді түпкі иесінің сөйлеуіне жақындатып алу керек. Сөз франсоздықы болса франсоздың айтуына, немістікі болса немістің айтуына жақындатып алу керек. Көпке дейін Аурупамен біздің арамыздағы орыс тілі дәнекер болады. Орыстар аурупа сөздерін өзінше өзгертіп алады. Мұны үнемі ұмытпасқа керек. Аурупа сөзін орыс өзгертіп, орыстың өзгерткенін біз тағы өзгертсек ақырында Ауропа сөзі орынсыз танымастай болып кетіп, ауропаша да болмай, орысша да болмай шатақ болуы мүмкін. Копенгаген дұрыс емес, Көпен- һаген я Көпенһаген болуы керек. Гелсингфорс дұрыс емес, Һелсинк –Форс болуы керек. Мұндай үлгілер көп.

3) Роман, гермен сөздері жалпы айтқанда жуан айтудан гөрі жіңішіке айтуды сүйеді . «Л» деге дыбыс бүтілдері де өнемейін жіңішке айтылады. Сондықтанда ішінде «л» дыбысы бар Ауропа сөздерін жіңішікертіп айтқан сөздің түбіне жақын, қолайлырақ болады. Немістің «Ланд» сөзі кірген сөздерді жіңішікертіп айтқан тіпті артық .

Мәселен Һолландия дегеннен Һолландие деген сөздің асыл нұсқасын жақынырақ болады.

4) Франсоз тілінде сөздің басуы (ударение) соңғы буынының ішіндегі дауысты дыбыстарда болады. Қазақ –қырғыз тілінде де осындай қасиет бар.

Сондықтан Аурупа сөздерін өзгерткенде франсоз тілін үлгіге алсақ көп жеңілдік көреміз. Мәселен, латынша мехниійкус деген сөзі орысша механический, франсозша механик болады. Бұл сөзді қазақша механік деп алуға болады.

5) Ауропа сөзін алғанда түбірін сингормонизмге көндіріп алған соң, жалғаулардыңда бәрін сингормонизм заңымен жалғау керек. Алған түбірден туынды сөздерді өз тіліміздің заңымен туындыру керек.

Мехенікші, мехеніктемек, химие, химиеші, химиемек, химиемелеу, гүлейттемек гүлейттеймін (гулайт етемін деген дұрыс емес). Анатомиа, анатомиамақ, анатомиаламақ, анатомияшы.