Пән сөздері қалай табылады?

Пән сөздері қалай табылады?

Қазақ  тілінде  кітап  көбейген  сайын,  пән  сөздері  де  молайып  келеді.  Барлық  пәнге  керекті  сөздерді  ойлап  тауып, жеткіземіз деп білім кеңестері әуре болып жатыр. Тәуір, ұғымсыз қолайсыз сөздер де көп, қолданып жүрген сөздер де көп.  Сонымен  жұрттың  бірсыпырасы  пән  сөздеріне  жарымай  жүр.  Бұл  әңгіме  былтыр  білімпаздар  кенесінде  де  сөз болып еді. Әлде болса сөз болу керек көрінеді. Сондықтан пән сөздерін қалай табу туралы пікір ұсынып ойшылардың алдына салмақпыз.

         Менің ойымша пән сөздерін мекемеде отырып, жиылыспен, айтыспен, қол көтеріп, қаулы қылумен табуға болмайды¬-ау деймін. Оған мынадай себептер көрсетемін:

1.«Тіл» деген нәрсе біліммен  бірге  өсетін,  өрбитін жанды нәрсе. Тілдің  өсіп,  өркендеуі де  табиғи жол болу  керек. Жанды нәрсе өз ағынымен, өз еркімен, қысылмай, зорлық көрмей, өсіп жетілмек. Мәдениетіміз күшейсе, тіліміз өзінен-өзі күшейеді. Қалай күшейеді? Жаңа сөздерді қайдан алады? Байқап отырсақ, жат ұғым жат сөзді өзі кіргізетін көрінеді. Төңкерістен бері еріксіз кіріп кеткен жат сөздер бар. Оларды халық сіңіріп алып қойды. Жұрттың миына орнап қалды. Енді олардың орнына жаңадан қазақ сөзін тауып кіргізіп, жат тілді қуып шығарамыз деп талпынғанмен болмайды. Бойға сіңіп кеткен асты қайта құсуға бола ма? Сол тәрізді, сондай бойға тарап кеткен сөздерге мысал мыналар:

Антономия,  республика,  сәбет,  кәменес, ісполком,  сайоз, мандат,  әгент, милисия, птред, налок,  разберске,  траморт, подбот,  кәператсия,  метеңгі,  сабрание,  әрістабайт,  кунпескебайт,  пұраба  (права),  контр,  пұртокол,  ыстаж,  бүджет, кәтегерне... тағы сондайлар. Неғұрлы елдің күн көріс өміріне қатынасы (пайда-зияны) көбірек сөз болса, соғұрлы елге тез орнайды. Қазақты қара жұмысқа алатын 16¬-ыншы жылғы уақиғаны ел «....................» *

 жылы деп атайды. Республика, аптономия, ыстаж, бүджет сықылды елге қатынасы жоқ сөздерден шаруасына дақ салған разбереке, траморт, бұртокел, әрістабайт, әгент, кәнпескебайт сықылды сөздерді жақсы біледі. «Собнарком», «Кирци껬ден  «жәшине»,  «ісполком»,  «сәбет»,  «милитс廬 ні  жақсы  біледі.  Бұл  сөздерді  еш  білімдер  ойлап  тауып кіргізген жоқ. Өмір кіргізіп отыр. Өмір кіргізген жаңалықты жауып тастауға болмайды. Сондықтан жат тілден қашамыз десек те қаша алмаймыз.

2. Жаңадан жасалған  сөздер  күшпен  тіл  бола  алмайды. Тілдің  қолайлысы,  ұғымға жайлысы  алынады. Қолайсызы шығып  қалып  отырады.  Тіршілік  тартысында  қандай  талғау  таңдау  болса,  тіл  де  сондай  таңдау  іздейді.  «Аухалтер» (Аудандық  халық  тергеушісі),  «кек»  (кәсіпшілер  кенесі),  «гүб»  (атком),  «хан  бөлбас»  (ханшілік  бөлімі  бастығы), «сәрсендеме»  (гимнастике)  деген  сөздер  өтпейді.  Бұларды  тіл  қыламыз  десек  зорлық  болады.  Ел  «атко컬нан  «іс¬ полко컬ды  жақсы  біледі.  «Одақ»¬тан  «сайо绬ды  артық  көреді:  «сайоз»-дан  нәрсе  алады,  «сайоз»  ұйымнан пайдаланады.  «Ауылдық  кеңес»  дегеннен  «ауылнай  сәбет»  дегенді  жеңіл  көреді.  «Интернациона뻬ды  олай  аударып, былай аударып, қазақтан қолайлы сөз таба алмай қойды. Бұл не? Тіл орынсыз бұрмалауды көтермейді екен.

3. Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс емес. Пән сөзін пән маманы, кітап жазушы шығару керек. Ешбір ғалым пән сөздерін кеңседе шешкізіп, жасаманды. Кітап жазушы өзі табады. Бір ғалымның шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы ол сөздерін  түзеп, өзгертіп, жаңа  сөз кіргізеді. Сөзді пән иесі  ғана шығармаса, бөгде кісілердің шығаруы мүмкін емес, өйткені әр пәнге жетік адамдар білім кеңесінде болмайды. Пән иесі көп ойланып, көп  еңбекпен  тапса,  кеңес  сөзге  көп  ойланып  отыра  алмайды. Білім  кеңестерінің жиылысында  болғанымыз  бар,  онда сөздер жете тексерілмей үстірт қаралатындығы, көп отырса, жалығып, қолайсыз сөздерді де ала салатыны байқалады.

Білім  кеңестерінің  сөз  табуы  ғылымға  негізделген (акедемишески) жол  емес,  бұтақ (кустарни) жол. Ілім  негізімен шешу үшін пән сөздерін жасаушылар әр тілді (араб, парсы, түрік, Европа тілдерін) білетін (филолог) адамдар болу керек. Сондықтан тіл қарастыру жұмысы білімге негізделмей, жорамалдаумен, сипалаумен «осынау қалай болар екен?» –мен шешіліп жүр.

*Сөз оқылмады

4. Бұл  күнде  білім  кеңесі  пән  тілдерін  жасап  отырса,  кітап  жазушылардың  нашарлығынан,  пән  мамандары жоқтығынан  еріксіз жасап  отыр. Тіл мамандары (филологтар)  болмағанмен,  бізде  пән мамандары  болу  керек.  Белгілі пәннің соңғыға тізіп, ізденген, кітап қарастырған адам азды-көпті сол пәнге маман болып алады. Бір адам әртүрлі пәннен жазбақшы болса, оныкі терең болмайды.

Осы күнде  ақша  табуға  қызығып  кім  болса  сол  кітап  жазуға  (жазуға  емес,  аударуға)  әуес  болып  кетті.  Саясат қызметшісі де, молда да шәкірт те кітап жазатын болыпты. Бір жағынан жазушы жетпегендік те бар шығар, әйтсе де пұл табу  үшін жазушылар  да  көп.  Бұл  әуестік  кітаптың  да  маңызын  түсіреді.  Пән  сөздерін  де  шатастырады.  Қарапайым перевот-чик пән сөздерін таба алмайды. Білім комиссиясына иек сүйеп, табуға талаптанбайды да.

Бұл ойланатын нәрсе. Кім көрінгенге кітапты заказға беруден тыйылу керек.

Кітапты заказбен  жазу  тоқтатылып,  өзі  тіленіп,  жазушылар  көбеймей,  кітап  жөнді  болып  шықпайды.  Өзі  тіленіп жазатын пән иесі мамандар болу керек.

Пән мамандары  тілді  қайдан  таппақ? Бірінші  өзі  ойлап шығармақ,  екінші  сол пәнге  керекті  сөздерді  қазақ  тілінде шыққан барлық кітаптардан қарастырып, қолайлысын алмақ, үшінші – сол пән туралы тағы кім¬-кім шұғылданып жүр, олар  қандай  сөз  тауып  қолданып  жүр,  солармен  хабарласып,  кеңесіп  отырмақ,  төртінші  –  ел  адамдарынан  да,  ауыз әдебиеттен де сөз қарастырмақ.

Қазір Мәскеуде, Орынборда, Тәшкенде, басқа қалаларда кітап жазушылар бар. Солардың бәрінің шығарған сөздерін бір тесіктен өткізіп, бір қалыпқа соғып отыру, бәріне пән сөздерін тауып беру мүмкін емес; оған уақыт та жетпейді, іс жүзінде өткізуге болмайды.

 Осының бәрін ойлағанда, пән тілдерін табу қиын болатын көрінеді. Сондықтан жоғарғы айтылғандарды еске алып, сөз табу туралы менің ұсынатын жобам:

  1. Сөз туралы қиналмай, тілді өз ағымына жіберейік. Ұнамды сөз алынып отырар да, ұнамсызы шығып қала берер.
  2. Кіріп қалған жат сөздерден қашпайық. Орынсыз тілге зорлық қылмайық. 3.Сөзді пән мамандары, кітап, жазушылар шығарсын.
  3. Сөз таба алмайтын шәлдірік адамдар кітап жазбасын. Оқу кітаптарын педагогтер жазу тиіс. Оқыту жолын білмеген адамның кітабы ұғымды болмайды. Педагогтің қаламға шебері жазу керек.
  4. Жаңадан сөз қосушылар тапқан сөздерін кітабына айрықша жазып отырсын.
  5. Кітап жазушылар, екі-үш жыл өткенде, тіл туралы кеңесіп, табылған тілдерді қорытып отырсын.
  6. Пән  сөздері,  әйтеуір  жаттап  алынған  сөздер,  мейлі  кітап  бетінде,  мейлі  газет¬журнал  бетінде  болсын, орысшасымен бірге (орысшасы қазақ қарпімен жазылған).........................* жазылып отырсын. (Сонда кімнің тапқан тілі қолайлы екені қолма-қол көрініп отырады).
  7. Қолайсыз алынған сөздер туралы баспа сөз бетінде сын жазылып, жобалар ұсынылсын.
  8. Білім кеңесі (яки оның орнындағы мекеме) істей алса, жаңа шыққан сөздерді жинастырып, лұғат кітап бастырып отырсын.

Міне осы жолмен ғана тіл мәселесін оңай шешуге болады деп ойлаймын.

* Сөйлем анықталмады.

Ахмет  Байтұрсынұлының  «Тіл  құралдағы» жаңа  сөздері  осы жолмен  тарап  кеткенін  көреміз.  Бұл  табиғи жол  деп жоримын.