"
Құрметті оқырмандар! Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты МҰХИТДИНОВ РАШИД СРАЖҰЛЫ ислам дініне қатысты терминдерді жүйелеп, Діни терминдер сөздігін әзірледі. Бүгінгі Толығырақ ...күні көпшілік қолданып жүрген ғұсыл, жаннат, зәмзәм, қиямет, умра сынды діни терминдердің түсіндірмесін, арабша жазылуын ғалымның сөздігінен табуға болады. Мысалы, Ғұсыл الغسل – ғұсыл алу, шомылу, жуыну. Шариғатта: ғұсыл – жүніптіктен, хайыздан, нифастан кейін және басқа да жағдайларда ауызды, мұрынды және бүкіл денені жуу. Жаннат جنة – Аллаһтың мұсылман құлдарына ақиретте дайындаған құтты әрі мәңгілік мекені. Зәмзәм زمزم – Исламның негізгі мешіті Мәсжид әл-Харамның аймағында Қағбаға тақау жердегі қасиетті бұлақ. Қиямет – жер бетіндегі тіршілік күл-талқан болып күйреп, адамдар есеп беру үшін қайта тірілетін мезгіл. Умра العمرة – кіші қажылық, Қағба мешітін белгілі ғибадат түрін орындау мақсатымен зиярат ету. "Умра" сөзі араб тілінде "зиярат ету" деген мағынаны береді. Оны қажылық күндерінен басқа жылдың кез келген мезгілінде өтеуге болады. Умрада Минада түнеу, Арафат тауында тұру, Муздалифаға қону мен шайтанға тас ату және парыз тауабы секілді рәсімдер орындалмайды. Сіздер ғалымның берген осы түсіндірмесімен келісісіздер ме?
Гүлчай, Ai-kerim Qojahmet
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.