"
Туризм терминдері
#Қазақша нұсқасыОрысша нұсқасыРейтинг
1.АннуляцияАннуляция
Аннуляция
Аннуляция
Саласытуризм
Этимологиясылат. annullo  жою
Дефинициясықандай болмасын актіні, шартты, құқықтар мен уәкілеттіктерді жарамсыз деп жариялау. 
Рейтинг
0
2.ФрахттауФрахтование
Фрахтование
Фрахттау
Саласытуризм
Этимологиясыағыл. chartering
Дефинициясыжүкті, жолаушыларды теңіз (өзен) арқылы тасымалдағаны үшін не  кемені  басқа пішімде пайдаланғаны үшін қосыла иеленуші-тасымалдаушы мен  жалдаушы  (жалдау акысы) арасындағы келісім шарт, төлем түрі және тасымалдау құны..
Рейтинг
+4
3.АпартаменттерАпартаменты
Апартаменты
Апартаменттер
Саласытуризм
Этимологиясыфр.  appartement — пәтер, итал.  appartamento — пәтер
Дефинициясыүй ішіндегі бөлме немесе бөлек тұрған пәтер.
Рейтинг
+2
4.Блок -чартерБлок -чартер
Блок -чартер
Блок -чартер
Саласытуризм
Этимологиясыағыл. charter - кеме жалдау
Дефинициясыжазбаша нысанда жасалатын әуе, теңіз немесе өзен тасымалы шартына сәйкес тасымалдау үшін бүкіл кемені немесе белгілі бір  кеме  бөлмелерін беру шарттары, яғни  көлік құралын  немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не бір сапарға жалдау туралы шарт.
Рейтинг
+2
5.БунгалБунгало
Бунгало
Бунгал
Саласытуризм
Этимологиясыхинди   बंगला  banglā —   бенгаль  стилінде; айтылуы — бунга́ло
Дефинициясытропикалық және оңтүстік елдерде туристерге жиі ұсынылатын бөлек үй . 
Рейтинг
+2
6.ДайвингДайвинг
Дайвинг
Дайвинг
Саласытуризм
Этимологиясыағыл. «diving» «to dive» — сүңгу
Дефинициясыарнаулы сүңгу құралдарымен су астында жүзу.
Рейтинг
+1
Молдабекова Балайм Умурзаковна, по развитию языков, Анар Сағынтаева және 3
  • Ахметова Маржан 5 жыл бұрын

    "Фрахттау" терминін осы қалпында жазу да, айту да тілдің заңдылығына сәйкес келмейді. Оны "Фрахт шарты" не "Жалдау шарты", "Тасымал шарты" деп өзгертуге болар еді.

  • Қызғалдақ 5 жыл бұрын

    Келісемін

  • Лаура Таскынбаева 4 жыл бұрын

    Фрахтование негізінен кеме, қайық және өзге де теңіз көлік құралдарын жалға алу шарты болып келеді ғой, "Жалдау шарты", "Тасымал шарты" жалпы қолданысқа ұқсас нені жалдау және тасымалдау шарты түсініксіз болады, Толығырақ ...онда толық жазу керек болады кемені жалдау шарты деп, бұл өте ұзақ сынды және орысшаға не басқа тілге аударғанда "аренда судно" деп аударылуы мүмкін ғой. "Тасымал шарты" келмейтін сияқты, терминнің негізгі мәні тасымалдау да емес қой, кеме, қайық және өзге де теңіз құралдарын жалға беру болып келмей ме. "Фрахт шарты" деген дұрыс секілді.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.