"Астана ақшамы" газетінің 15-мамырдағы санында Ораз Жүнісұлы Жүніс мырзаның "Зиянды үрдіс немесе тілімізді кері мағыналы сөздермен "байыту" қашан тоқтайды?" деген мақаласы жарық көрді. Мақала авторы «аңдатпа», «балама», «дәлелдеме», «екпе» Толығырақ ...т.с.с. терминдерді талдай отырып, «аңдатпа-аңдату, балама» – бүкіл дамыған елдер қолданатын халықаралық термин «альтернативаның» қазақшасы, «дәлелдеме» – дәлел, «екпе» – егу" дегенді білдіреді деп түсінуге тиістісіз. Мұндай өзгерістер қазақша білмейтін басқа диаспора өкілдері мен қалада өсіп, ана тілінен мақұрым қалғандардың мемлекеттік тілді үйренулеріне де кедергі келтіруде деп дабыл қағады.
Автор: "...кейде БАҚ-тарға оларды жасау және насихаттау арқылы қазақ тілін дәлдіктен, нақтылықтан, ұғынылықтан айыр, сөйтіп оны халық түсінбейтін жағдайға жеткіз деп біреу бұйрық берген бе деп те қалады екенсіз. Олай болуы мүмкін емес. Бірақ кері сөздер болса молайып барады, - дей келіп:
"Мысалға жүгінейік… «А», «Ә» әріптерінен: аялдама, анықтама, айқындама, айналма, әдістеме, әзірлеме, т.б. Айтпақшы, бұл дыбыстан басталатын «алқа» деген термин пайда болды. Өзі керемет. Ол бұрынғыдай (қазір де солай ғой) қыз-келіншектердің мойнына тағатын әшекей ғана емес, халықаралық термин «коллегияны» да білдіреді, - деп сынайды. Ал Сіз ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ?
Мақаламен толық танысқыңыз келсе файлды жүктеп алыңыз!
Мақала авторының пікіріне қосыламын. Терминдерге аударма жасаймыз деп қазақ тілінің өзіне тән құндылығын жоғалтып алмауымыз керек сияқты.
Ораз Жүнісұлының мақаласында көтерілген мәселе дұрыс-ақ! Бірақ барлық айтылған ой-пікірге қосыла алмаймын. Автор -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер ретінде ғана қабылдап Толығырақ ...тұр. Шын мәнінде, жоғарыда аталған жұрнақтар түркі тілдерінде зат есім жасайтын өнімді жұрнақтар қатарында бұрыннан қолданылып келеді. Мысалы, қырғыз тілінде "азғырма"(азғырғыш), өзбек тілінде "ағдарма"(аударма), түрікмен тілінде "ғатлама"(қаттама) және т.б. Орхон-енисей жазба ескерткіштерінде де бұл жұрнақтар -- заттың орнын, атауын білдіретін туынды сөздер жасайтын жұрнақтар. Олай болса, бұл өнімді жұрнақтардың сөзжасамдық қабілеті аса жоғары болғандықтан, алдағы уақытта да сәтті терминдер жасауда қолданыла берсе, оның еш қателігі бола қоймас деп ойлаймын.
Ораз мырза сынға алған "аялдама" сөзі -- өте сәтті жасалған сөз. Орыс тіліндегі "остановка" тоқтап, тұрып қалу дегенді білдірсе, ал қазақ тіліндегі баламасының мағынасы алдеқайда нақтырақ, яғни, көлік болса да, Толығырақ ...адам болса да бұл жерде сәл ғана аялдайды, кідіреді, аялдамада тоқтап, тұрып алмайды. Авторға ұнамай тұрған -ма сөзжасамдық жұрнағы туралы мұның алдында айтып өткенмін. "Тінесі оғлы йатығма Беңлігек тағығ -- Тінесі ұлының жатағы Беңлігек тауы. Йатығма (жатақ), йат (жату) -ма жұрнағы жалғанып зат есім жасап тұр" (А.Есенқұлов. "Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар" 78-б)
Басқа пікірлерді көрсету