Нәзір Төреқұлұлы

Нәзір Төреқұлұлы

Нәзір Төреқұлұлы (1892 жыл – 3 қараша 1937 жыл) – мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат. Ол бірнеше тілді жетік білген тілтанушы ғалым. Ғалымның «Жат сөздер», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Қазақ-қырғыз үшін жаңа әліпби» сынды еңбектері мен өзге де мақалаларында емле, әліпби, терминология мәселелері терең талданады. Әсіресе, қазақ терминологиясының тарихында оның «Жат сөздер» атты еңбегінің орны айрықша. Бұл еңбекте шет тілдерінен термин қабылдау мәселесі өте жоғары кәсіби деңгейде зерттелген.