Байынқол Қалиев

Байынқол Қалиев

Қалиев Байынқол Қалиұлы -  (23.1.1939 жылы туған, Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1991), профессор (1996).  ҚазМУ-ды (1963, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1967–91 жылдары ҚР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, 1991–95 жылдары бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.