Айтым Әбдірахманов

Айтым Әбдірахманов

Айтым Әбдірахманов (20.12.1928 жыл, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы) Жарқын ауылы – 20.3.1994 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1991). ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ) сабақ берді, Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын (1954, қазіргі Тіл Білімі Институты) бітірді.Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл білімі институтында кіші (1954–1958),  аға (1958–1970) ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1970–1980),  жетекші ғылыми қызметкер (1981–1994) болып қызмет атқарды.