Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек1872 жыл – 8 желтоқсан1937)  – қазақ тілі тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түркітанушы, ұлттық жазудың реформаторы, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, ақын, аудармашы, публицист. Ұлт тілінде термин жасаудың ұлгісін көрсетіп, тіл, әдебиет, әдістеме ғылымдарының тірек терминдерін және көптеген қоғамдық-саяси терминдерді жасаған, ұлттық терминқорды қалыптастырудың ғылыми қағидаттарын алғаш ұсынған, терминология [термин] комиссиясының тұңғыш төрағасы болған, ұлттық терминтану ғылымының басында тұрған аса көрнекті тілтанушы ғалым.