Өмірзақ Айтбаев

Өмірзақ Айтбаев

Өмірзақ Айтбаев Айтбайұлы (5.4.1936 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданы Балтакөл ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1992), Қазақстан Ұлттық Ғылым  Академиясының академигі (2003),  ҚР Әлеуметтік ғылымдар (1997) академиясының академигі. Айтбаевтың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналған. Ол 500-ге жуық мақаланың авторы.  «Құрмет» (1998), «Парасат» (2007) ордендері және медальдармен марапатталған.